Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Мазь для наружного применения
Торговое наименование
Беллс
Действующее вещество
Прочие
Назначение
Жедел және созылмалы қаңқа-бұлшықет ауыруларын басу үшін (миалгия, фибромиалгия, арқаның ауыруында)
Производитель
Парнакс Лаб Лтд. («Parnax Lab Ltd.»)
Страна
Индия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
100 г жақпамайдың құрамында
белсенді заттар: ментол 6,0 г
камфора 7,0 г
скипидар шайыры
(терпентин майы)2,0 г
тимол 1,5 г
эвкалипт майы 3,0 г,
қосымша заттар: қабықтан алынған даршын майы, ақ балауыз, ақ жұмсақ парафин, бутилдендірілген гидроксианизол, бутилдендірілген гидрокситолуол.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ментол мен камфораға тән иісі бар ақ немесе ақ дерлік түсті жақпамай.
Кешенді ем құрамында:
- жедел және созылмалы қаңқа-бұлшықет ауыруларын басу үшін (миалгия, фибромиалгия, арқаның ауыруында)
- спортсмендерде қыздыратын жақпамай ретінде
Тұмаумен, мұрынның бітелуімен қатар жүретін жедел респираторлық ауруларды симптоматикалық емдеуде.
Буындар ауыруына және бұлшықет ауыруына қарсы жергілікті дәрілер. Буындар ауыруына және бұлшықет ауыруына қарсы жергілікті дәрілер. Буын және бұлшықет ауыруы кезінде жергілікті қолдануға арналған басқа препараттар. Басқалары.
АТХ коды М02АХ10
Сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат. Жергілікті тітіркендіруші, ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсері бар.
Ментол - ауыруды басатын, аулақтататын, терінің қышынуын азайтатын әсері бар.
Камфора - сыртқа қолданған кезде антисептикалық, жергілікті тітіркендіруші, ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсері бар.
Скипидар шайыры (терпентин майы) – өсімдік тектес дәрі. Жергілікті тітіркендіруші, алаңдатқыш және антисептикалық әсерге ие. Терпентин майының ең басты әсер етуші заты терпен альфа-пинен липофильді, эпидермис арқылы жеңіл өтеді және сезімтал жүйкенің ұшын тітіркендіреді. Гистамин және басқа да қабыну медиаторлары қантамырларының кеңеюін, тіндердің аздап ісінуін, гиперемияны туғызады. Энкефалиндер және эндорфиндер ауруды басуға ықпал етеді. Альфа-пиненді ингаляциялық жолмен енгізген кезде жөтелді рефлекторлы түрде стимуляциялайды, қақырық түсіретін және муколитикалық әсер етеді.
Тимол - антисептикалық әсерге ие.
Эвкалипт майы - өсімдік тектес дәрі. Эфир майының компоненттері 1,8-цинеол (эвкалиптол), пинен, миртенол бактерицидті, вирусқа қарсы, фунгицидті әсер етеді. Ингаляциялық жолмен қолданған кезде қақырық түсіретін, муколитикалық, антигипоксиялық әсер етеді. Теріге жергілікті тітіркендіруші және ауыруды басатын әсер етеді, сондықтан алаңдатқыш ем ретінде кеңінен пайдаланылады. Жеңіл жергілікті жансыздандыратын әсерінің арқасында терінің қышынуын қайтарады.
Дозалау режимі
Сыртқа: мұрын, тамақ, кеуде мен арқаның жоғарғы бөлігіне, ортаңғы сызықты бойлай түнге қарай немесе тәулігіне 2 рет жағылады. Толық сіңгенше аздап ысқылап және содан кейін құрғақ жылы матамен жауып қою керек. Емдеу курсы 7 күнге дейін.
Ингаляциялық (тек ересектер үшін): ½ шай қасығына 1 л ыстық су құйып, буымен дем алу қажет.
Қимыл-қозғалыс аппаратының және жұмсақ тіндердің жарақаттарында препаратты ауыратын жерге осы аймақты кейіннен уқалаумен тәулігіне 5 ретке дейін жағады. Емдеу курсы 2-3 аптаға дейін.
Миалгиялар мен артралгияларда – 1-3 г жақпамайды тәулігіне 2-3 рет ауыратын жерге жағады және теріні аздап ысқылайды. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипатына және ауырлығына байланысты және орташа 10 күнді құрайды.
Дене жүктемесінің алдында спортсмендерге қыздыратын дәрі ретінде қолданған кезде тиісті бұлшықеттерге жақпамайдың аздаған мөлшерін (шамамен 2-3 г) жағады және тері аздап қызарғанға дейін уқалап жағады. Жаттығудан кейін жақпамайды теріден жылы сумен жуып тастау керек.
Балалар
12 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолданылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаса, өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке жүгініңіз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тері аурулары
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар
Сирек:
- қышыну, ісіну, есекжем
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Беллс препаратын қолданғанда артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ.
- компресстермен және таңғыштармен қолдануға болмайды.
- тері бетінің үлкен беткейіне ұзақ уақыт бойы жағуға болмайды.
Арнайы сақтандырулар
Жақпамайды ашық жараларға, шырышты қабықтарға және көзге тигізбеу керек. Жағымсыз әсерлерді болдырмау үшін терінің препаратқа деген сезімталдығын анықтау үшін теріге жақпамайдың аздаған мөлшерін алдын ала жағып көру керек.
Педиатрияда қолданылуы
12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
12 жастан асқан балаларда сақтықпен қолдану керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік және лактация кезінде әйелдерде қолдануға болмайды.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15 оС-ден 25 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.