Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Мазь для наружного применения
Дозировка
4 г
Торговое наименование
«Золотая звезда®» бальзамы
Действующее вещество
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие
Назначение
Препараттың жергілікті - тітіркендіретін, аулақтататын және антисептикалық әсері бар
Производитель
Данафа Фармасьютикал Джойнт Сток Компани
Страна
Вьетнам
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
4 г жақпамайдың құрамында
белсенді заттар: левоментол, 0.455 г;
рацемиялық камфора, 0.910 г;
бұрыш жалбыз майы, 0.530 г;
эвкалипт майы, 0.129 г;
қалампыр майы, 0.236 г;
қытай даршын майы, 0.056 г;
қосымша заттар: ара балауыз, парафин, ланолин, вазелин, сұйық парафин, Solvent Yellow 33 бояғыш, қоңыр Solvent Red 3 бояғыш.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық сарыдан қоңыр-сары түсті, өзіне тән иісі бар біртекті жақпамай.
Препараттың жергілікті - тітіркендіретін, аулақтататын және антисептикалық әсері бар. Кешенді емдеуде симптоматикалық дәрі ретінде қолданылады.
• жедел респираторлық ауруларда
• тұмауда
• бас ауыруында, бас айналуында
• ринитте
• жәндіктер шаққанда
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі
Препараттың жергілікті-тітіркендіретін, аулақтататын және антисептикалық әсері бар.
Ментол жергілікті анестетик қасиетін байқатады (әсіресе камфорамен біріктіргенде), бас ауыруын басу үшін, созылуларда және т.б. Ментолдың тері рецепторларына салқындатушы әсері тітіркену мен қышынуды азайтуға мүмкіндік береді, мысалы, аллергия және күйіктер кезінде.
Камфора жергілікті тітіркендіретін және анальгетик қасиеттерін байқатады, жеңіл анестетик, қышынуға қарсы және аулақтататын (фиброзитте, невралгияда...) дәрі ретінде пайдаланылады.
Қалампыр майы антисептикалық әсер береді және жұқпадан қорғайды.
Даршын майының жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларын емдегенде антисептикалық әсері бар.
Жалбыз майының сергітуші, антисептикалық және ауыруды басатын қасиеттері бар. Суық тию және тұмау, тыныс алу жолдарының қабынуы, жөтел, бронхит, мұрынның бітелуі және тыныс алу жолдарының тітіркенуі кезінде, сондай-ақ терінің қабыну жағдайлары мен оның тітіркенулерінде күшті антисептик ретінде қолданылады. Бас ауыруын бәсеңдетеді және көптеген жәндіктерді жақындатпайды. Организмнің қарсыласуын жоғарлатады.
Эвкалипт майы антисептикалық қасиетін танытады. Ең алдымен бактерияларға және вирустарға қарсы әсер етеді. Тыныс алу жолдарының жұқпаларын, жөтелді, бронхитті, қуыстар қабынуларын, мұрын бітелуін емдеуде пайдаланылады. Қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер береді.
Дозалану режимі
Препарат сыртқа қолданылады.
Бас ауыру мен бас айналу кезінде жақпамайды самай және шүйде тұсының терісіне ысқылап жағады. Ринитте, ЖРА – бальзамды мұрын жақтауларына, самай тұсының терісіне жағады. Жәндіктер шаққанда бальзамды шаққан орынға жағады.
Емдеу курсының ұзақтығы препаратты көтере алушылығы мен емдеудің тиімділігіне байланысты әр адамға жекелей анықталады. Әдетте бальзамды күніне 4 ретке дейін пайдаланады, орташа ұзақтығы 5 – 7 күнді құрайды.
Қолданар алдында бальзамның көтерімділігіне сынама жүргізген жөн.
• әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• тері жабындысының зақымдануы, препаратты қолдану болжамдалып отырған жерлерде тері ауруларының болуы
• 2 жасқа дейінгі балаларға
• аллергиялық (терінің тітіркенуі, эритема, бөртпе, қабыршықтану, қышыну, тері түсінің өзгеруі, есекжем, жанаспалы дерматит) және бронхоспастикалық реакциялар болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Осы уақытқа дейін артық дозалану оқиғалары байқалмаған.
Симптомдары – жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі - симптоматикалық.
Арнайы сақтандырулар
Тек қана сыртқа қолдану үшін!
Жақпамайды көзге және шырышты қабыққа, сондай-ақ терінің зақымданған бөліктеріне тигізуге болмайды. Терінің ауқымды бөліктеріне жағуға болмайды. Жақпамайды жаққаннан кейін фотосенсибилизация қаупі болуына байланысты күн астында болудан тартына тұрған дұрыс.
Жақпамайды теріге жаққаннан кейін температураның жергілікті жоғарлауы мен терінің тітіркенуі байқалады, бір мезгілде жылуды және күйдіруді сезіну пайда болады, бұл бір сағаттың ішінде жоғалады. Жақпамайды теріге жаққаннанда ауыру сезімі болмауы тиіс. Теріде ауыру, ісіну немесе бөрту туындаған жағдайда жақпамай қолдануды тоқтату және дереу дәрігерге қаралу қажет.
Құрамында ментол бар дәрілерді жергілікті қолданғаннан кейін күйіктердің дамуы туралы хабарлар болған. Жақпамайды жаққаннан кейін тері реакциялары туындау қаупі ұлғаюына байланысты жылуды жергілікті қолдану ұсынылмайды.
Егер дәрілік затты қолданғаннан кейін әсері болмаса немесе жағдайы нашарлап кетсе, дәрігерге қаралу қажет.
Бальзам шырышты қабыққа түскен жағдайда жақпамайды дымқыл сүрткінің көмегімен кетіріп, мол су мөлшерімен шаю керек.
Жақпамайды ішке қабылдап қойған жағдайда, дереу дәрігерге көріну қажет. Жасы кіші балаларды құстыртпаған жөн, бұл кейінгі камфорамен ингаляция және өлімге әкелуі мүмкін ларинготүйілуінің дамуына қатысты қауіптер болуына байланысты.
Қосымша заттар
Дәрілік препарат құрамында ланолин бар, ол қолданған кезде жергілікті тері реакцияларын (жанаспалы дерматит) туындатуы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препаратты балаларға дәрігердің кеңесінсіз қолдануға болмайды.
Клиникалық деректердің болмауына байланысты жүкті және бала емізетін әйелдерге бұл дәрілік затты қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Сипатталған жоқ
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30 °C аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие · «Юник Фармасьютикал Лабораториз» (отделение фирмы «Дж. Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.»)
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.