Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки
Торговое наименование
Аспаркам
Действующее вещество
Прочие минеральные вещества
Назначение
Жүрек жеткіліксіздігі кезінде, жүректің ишемиялық ауруы, гипокалиемия
Производитель
АО «Ирбитский химфармзавод»
Страна
Россия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар – магний аспарагинаты тетрагидраты 175.0 мг
калий аспарагинаты гемигидраты 175.0 мг
қосымша заттар: картоп крахмалы, стеарин қышқылы, макрогол-4000, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ойығы мен сызығы бар жалпақ цилиндр пішінді, ақ түсі таблеткалар.
Кешенді ем құрамында:
• жүрек жеткіліксіздігі кезінде, жүректің ишемиялық ауруы
• гипокалиемия
• жүрек ырғағының бұзылуы (оның ішінде миокард инфарктісінде, жүрек гликозидтерінің артық дозалану кезінде).
Аспаркам калий мен магний иондарының көзі болып табылады, метаболизмдік үдерістерді реттейді. Әсер ету механизмі болжамды түрде аспарагинаттардың магний мен калий иондарын жасушаішілік кеңістікке тасымалдаушы рөлімен және аспарагинаттың метаболизмдік үдерістерге қатысуымен байланысты. Аспаркам электролиттер теңгерімсіздігін жояды, миокардтың қозғыштығы мен өткізгіштігін (аритмияға қарсы орташа әсерін) төмендетеді.
Дозалау режимі
Әдетте ересектерге 1-2 таблеткадан күніне 3 рет тағайындайды. Емдеу курсы – 3-4 апта. Қажет болғанда курс қайталанады.
Енгізу әдісі және жолы
Аспаркамды ішке, тамақтанудан кейін тағайындайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне хабарласыңыз.
- әсер етуші заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- амин қышқылдары алмасуының бұзылуы
- артериялық гипотензия
- жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- гиперкалиемия
- гипермагниемия
- атриовентрикулярлық өткізгіштіктің (AV I-III дәрежелі) бұзылуы
- ауыр миастения
- жедел метаболизмдік ацидоз
- сусыздану (эксикоз)
- гемолиз
- Аддисон ауруы
- олигурия
- анурия
Сақтықпен: жүктілік (әсіресе I триместр), лактация кезеңі, гипофосфатемия, несеп-тас диатезі (кальций, магний және аммоний фосфаты алмасуы бұзылуымен байланысты).
Жиілік санаты: клиникалық зерттеулер деректері негізінде тіркелген жиілікке сәйкес жағымсыз реакцияның әрбір түрі үшін айқындалады:
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Сирек: жүрек айнуы, құсу, диарея, ұйқы безі аумағында жайсыздықты немесе ашытуды сезіну (анацидті гастриті немесе холециститі бар науқастарда).
Жүрек тарапынан бұзылулар
Сирек: атриовентрикулярлық блокада, парадоксальді реакция (экстрасистола санының ұлғаюы).
Зертханалық және аспаптық деректер
Сирек: гиперкалиемия (жүрек айну, құсу, диарея, парастезия), гипермагниемия (беттің қызаруы, шөлдеу сезімі, артериялық қысымның төмендеуі, гипорефлексия, бұлшықеттің әлсіздігі, қатты шаршағыштық, тыныс алудың бәсеңдеуі, құрысу, парез, кома).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: гиперкалиемия, гипермагниемия.
Емі: симптоматикалық ем (вена ішіне минутына 100 мг дозада кальций хлоридінің ерітіндісін енгізу, қажет болған кезде – геомдиализ және перитонеальді диализ).
Арнайы ескертулер
Ерекше нұсқаулар
Қан плазмасындағы калий иондарының құрамын бақылау қажет.
Педиатрияда қолдану
Препаратты балаларда қолдану туралы деректер жоқ, сондықтан препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолданбайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Аспаркам автокөлік құралдарын басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығына әсер етпейді.
Препаратты егер әйел үшін күтілетін пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен асып түскен жағдайда ғана жүктілік кезеңінде қолдануға болады. Препаратты емшек емізу кезеңінде қолданған жағдайда бала емізуді тоқтату ұсынылады.
Фармакодинамикалық: калий жинақтаушы диуретиктермен (триамтерен, спиронолактон), бета-андреноблокаторлармен, циклоспориндермен, гепаринмен, ангиотензин-өзгертуші ферменті (АӨФ) тежегіштерімен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір мезгілде қолдану гиперкалиемияның даму қаупін аритмия және асистолия дамуына дейін жоғарылатады. Калий препараттарын глюкокортикостероидтармен бірге қолдану соңғысы туындататын гипокалиемияны қайтарады. Калийдің әсерімен жүрек гликозидтерінің жағымсыз әсерлері азаяды. Магний неомицин, В полимиксині, тетрациклин және стрептомициннің әсерін төмендетеді. Анестетиктер магний препараттарының орталық жүйке жүйесіне бәсеңдетуші әсерін арттырады; атракурониймен, декаметониймен, сукцинилхлорид және суксаметониймен бір мезгілде қолданғанда жүйке-бұлшықет блокадасы күшеюі мүмкін; кальцитриол қан плазмасында магний құрамын арттырады, кальций препараттары магний препараттарының әсерін төмендетеді.
Аритмияға қарсы дәрілердің теріс дромо - және батмотропты әсерін күшейтеді.
Фармакокинетикалық: тұтқыр және бүркемелейтін дәрілер препараттың асқазан-ішек жолында сіңуін азайтады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.