Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки
Торговое наименование
Глюкозамен аскорбин қышқылы
Действующее вещество
Аскорбиновая кислота (витамин С), комбинации
Назначение
С дәруменінің гипо - және авитаминозында
Производитель
Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Страна
Беларусь
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 100 мг аскорбин қышқылы, 877 мг глюкоза моногидраты.
қосымша заттар: тальк, стеарин қышқылы, картоп крахмалы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді ақ түсті, жалпақ цилиндрлі, сызығы және ойығы бар таблеткалар.
- С дәруменінің гипо - және авитаминозында
- аскорбин қышқылына жоғары қажеттілікте (қарқынды өсу кезеңі, жүктілік, лактация кезеңі, жоғары физикалық жүктемелер, реконвалесценция кезеңі)
Дәрумендік дәрі, метаболизмдік әсер көрсетеді, тотығу – тотықсыздану процестерін реттеуге, көмірсу алмасуына, қанның ұюына, тіндердің қалпына келуіне, стероидты гормондардың синтезіне қатысады; организмнің инфекцияларға төзімділігін арттырады, тамыр өткізгіштігін төмендетеді, В1, В2, А, Е дәрумендеріне, фолий қышқылына, пантотен қышқылына деген қажеттілікті азайтады.
Дозалау режимі
Профилактикалық мақсатта (аскорбин қышқылына шаққанда):
ересектерге тәулігіне 50-100 мг, 6-дан 14 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 50 мг, 14 жастан асқан балаларға тәулігіне 50-75 мг.
Емдік мақсатта (аскорбин қышқылына шаққанда):
ересектерге күніне 3-5 рет 50-100 мг, 6 жастан асқан балаларға күніне 2-3 рет 50-100 мг.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- глюкоза/галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар
- 6 жасқа дейінгі балалар
- тромбофлебиттер
- тромбоздарға бейімділік
- аллергиялық реакциялар
- асқазан-ішек жолы шырышты қабығының тітіркенуі (жүректің айнуы, құсу, диарея, АІЖ түйілуі)
- ұйқы безінің инсулярлық аппараты функциясының бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия)
- гипероксалурия және оксалатты нефрокальциноз (үлкен дозаларды қабылдағанда)
- тромбоцитоз, гипертромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз, гипокалиемия
- артериялық қысымның жоғарылауы, миокардиодистрофия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: 1 г-нан көп қабылдағанда – бас ауыруы, ОЖЖ қозғыштығының жоғарылауы, ұйқысыздық, жүрек айнуы, құсу, диарея, гиперацидті гастрит, АІЖ шырышты қабықтың ульцерациясы, ұйқы безінің инсулярлы аппараты функциясының бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия), гипероксалурия, оксалатты нефролитиаз, бүйректің гломерулярлы аппаратының зақымдануы, орташа поллакиурия (тәулігіне 600 мг-ден жоғары дозада қабылдағанда). Капиллярлар өткізгіштігінің төмендеуі (тіндер трофикасы нашарлауы мүмкін, артериялық қысымның жоғарылауы, гиперкоагуляция, микроангиопатияның дамуы).
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық терапия (артериялық қысымды бақылау, антиагреганттар, инсулин, сілтілендіретін дәрілерді тағайындау). Спецификалық антидот жоқ. Гемодиализ және перитонеальді диализ тиімсіз.
Аскорбин қышқылының кортикостероидты гормондар синтезін ынталандыратын әсеріне байланысты, бүйрек функциясы мен артериялық қысымды бақылау керек. Үлкен дозаларда ұзақ уақыт қабылдағанда ұйқы безінің инсулярлы аппараты қызметі бәсеңдеуі мүмкін болғандықтан, емдеу үдерісінде оны үнемі бақылау керек.
Арнайы ескертулер
Организмінде темірдің жоғары мөлшері бар пациенттер аскорбин қышқылын төмен дозаларда қабылдау керек.
Аскорбин қышқылын тез пролиферацияланатын және қарқынды метастазданатын ісіктерімен пациенттерге тағайындау үдеріс ағымын қиындатуы мүмкін.
Аскорбин қышқылы қалпына келтіргіш ретінде зертханалық тесттер нәтижесін (қандағы глюкоза, билирубин мөлшерін, «бауыр» трансаминазалары және ЛДГ белсенділігін) бұрмалауы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңінде егер анаға деген күтілген пайдасы шарана мен балаға деген қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолданылады. Жүктілік және лактация кезеңінде аскорбин қышқылы тек дәрігердің тағайындауымен қолданылады. Жүктіліктің II-III триместрінде аскорбин қышқылының күнделікті қажеттілігі 90-100 мг. Шарана жүкті әйел қабылдайтын аскорбин қышқылының жоғары дозаларына бейімделуі мүмкіндігінен, жаңа туған балада «тоқтату» синдромы даму мүмкіндігін ескеру керек. Іс жүзінде бала емізетін аналардың аскорбин қышқылының жоғары дозаларын қабылдауы (бала емізетін аналарға аскорбин қышқылының күнделікті қажеттілігін асырмау ұсынылады) балаға қауіпті. Лактация кезінде аскорбин қышқылының ұсынылған күнделікті қажеттілігі 120 мг.
Автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы
Әсер етпейді.
Аскорбин қышқылы қанда бензилпенициллин мен тетрациклиндер концентрациясын жоғарылатады; тәулігіне 1 г дозада этинилэстрадиолдың (оның ішінде пероральді контрацептивтердің құрамына кіретін) биожетімділігін жоғарылатады.
Ішекте темір препараттарының сіңуін жақсартады, дефероксаминмен бір мезгілде қабылдағанда темірдің шығарылуын жоғарылатуы мүмкін.
Гепарин мен тікелей емес антикоагулянттардың тиімділігін төмендетеді.
Ацетилсалицил қышқылы, пероральді контрацептивтер, жаңадан дайындалған шырындар және сілтілі сусындар оның сіңуі мен қорытылуын төмендетеді.
Салицилаттар мен қысқа әсер ететін сульфаниламидтермен емдеуде кристаллурияның даму қаупі артады, бүйректермен қышқылдардың шығарылуы баяулайды, сілтілі реакцияға ие дәрілік препараттардың шығарылуы жоғарылайды (оның ішінде алкалоидтардың, қандағы пероральді контрацептивтердің концентрациясын төмендетеді).
Өз кезегінде аскорбин қышқылының организмдегі концентрациясын төмендететін, этанолдың жалпы клиренсін жоғарылатады.
Жоғары дозаларда мексилетиннің бүйректермен шығарылуын жоғарылатады.
Барбитураттар аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын жоғарылатады.
Психозға қарсы дәрілік препараттардың (нейролептиктер) – фенотиазин туындыларының емдік әсерін, амфетамин мен трициклдік антидепрессанттардың өзекшелік реабсорбциясын азайтады.
Сақтау мерзімі
1 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.