Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для внутривенного и внутримышечного введения
Дозировка
50 мг/мл
Торговое наименование
Аскорбин қышқылы
Действующее вещество
Аскорбин қышқылы
Назначение
Цинганы емдеу және профилактикасы, С гиповитаминозы немесе авитаминозының жедел дамуы немесе аскорбин қышқылы препараттарын пероральді енгізу қиын жағдайларда аскорбин қышқылын…
Производитель
Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Страна
Беларусь
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат – 100 мг аскорбин қышқылы,
қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий сульфиті, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.
Цинганы емдеу және профилактикасы, С гиповитаминозы немесе авитаминозының жедел дамуы немесе аскорбин қышқылы препараттарын пероральді енгізу қиын жағдайларда аскорбин қышқылын қосымша енгізуді талап ететін басқа аурулар мен клиникалық жағдайларда.
Аскорбин қышқылы – коллаген және жасушаішілік заттардың түзілуіне, оның ішінде шеміршек және сүйек тіндері түзілуіне және жаралардың жазылуына қажетті суда еритін дәрумен.
Аскорбин қышқылы фолий қышқылынан фолин қышқылы синтезіне қатысады, асқазан-ішек жолында темірдің сіңуін қамтамасыз етеді, гемоглобин синтезіне және эритроциттердің функционалдық жетілуіне әсер етеді.
Дозалау режимі
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады. Ересектерге 50-250 мг (1-5 мл) күніне 1-2 рет.
Жасы 6 айға дейінгі балаларға тәулігіне 20-30 мг (0,4-0,6 мл), 6-12 айлық жаста – тәулігіне 35 мг (0,7 мл), 1-3 жас – тәулігіне 40 мг (0,8 мл), 4-10 жас – тәулігіне 45 мг (0,9 мл), 11-14 жас – тәулігіне 50 мг (1 мл), 15 жастан асқан балаларға 60-100 мг (1,2-2 мл) тәулігіне 1 рет тағайындалады.
Ең жоғары тәуліктік доза - 100 мг.
Енгізу әдісі мен жолы
Бұлшықет ішіне және вена ішіне қолданылады.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• гиперкоагуляция, қазіргі кезде немесе анамнездегі тромбофлебит және тромбоэмболиялық жағдайлар
• инсулинге тәуелді емес қант диабеті
• гипероксалурия
• бүйрек жеткіліксіздігі
• үдемелі қатерлі аурулар
• гемохроматоз
• талассемия
• полицетемия
• лейкемия
• сидеробластты анемия
• орақ тәрізді жасушалық анемия
• глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
• артериялық қысымның жоғарылауы
• ұйқы безінің эндокриндік функциясының бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия)
• тромбоцитоз, анемия, нейтрофилез
• гиперпротромбинемия, тромбофилия
• метаболизмдік ацидоз
• аллергиялық реакциялар (оның ішінде анафилаксиялық шок)
• бүйрек функциясының бұзылуы (гломерулопатия)
• ұзақ қолданғанда нейроуытты әсеріне әкелетін мырыш және мыс алмасуының бұзылуы (қозғыштықтың артуы, ұйқының бұзылуы)
• миокардиодистрофия
• несеп-тас ауруы (несептің қышқылдық реакциясы кезінде кальций оксалатынан тастар түзілуі)
• жоғары дозалары диареяны қоса, асқазан-ішек жолы тарапынан симптомдарды туғызуы мүмкін
• жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда және одан кейін аскорбин қышқылының әдеттегі дозаға дейін түсіп азаюы кезінде С дәрумені тапшылығы симптомдарының дамуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: аскорбин қышқылының артық дозалануы диареяны қоса, асқазан-ішек жолы тарапынан болатын симптомдармен қатар жүруі мүмкін. Аскорбин қышқылын жоғары дозада қолдану гипероксалурияға және несептің қышқыл реакциясы кезінде бүйректе кальций оксалатынан конкременттер түзілуіне әкелуі мүмкін. Аскорбин қышқылы тәулігіне 600 мг және одан жоғары дозада диурездік әсерге ие.
Емі: дозаны азайту немесе препаратты тоқтату, симптоматикалық ем. Гемодиализ және перитонеальді диализ тиімсіз.
Арнайы ескертулер
Жүктілік және лактация кезеңі. Аскорбин қышқылы плацента арқылы өтеді және ана сүтіне бөлінеді. Жүктілік және лактация кезеңінде аскорбин қышқылын жоғары дозада пайдалану тоқтату реакциясы сияқты жаңа туған нәрестеде аскорбин ауруы (цингаға ұқсас жай-күй) дамуына әкелуі мүмкін. Жүктілік (тәулігіне 60-70 мг) және лактация кезеңінде (тәулігіне 80-90 мг) аскорбин қышқылына қажеттілік нормасын асыруға болмайды.
Сақтықпен пайдалану. Аскорбин қышқылын гипероксалуриясы және бүйректе оксалатты конкременттері бар пациенттерге, гемохроматозбен, талассемиямен, полицитемиямен, сидеробластты анемия және лимфопролиферациялық аурулармен адамдарға тағайындағанда сақ болу қажет.
Жоғары дозада пайдалану. Аскорбин қышқылын тәулігіне 500 мг-ден артық дозада қолдану глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, орақ тәрізді жасушалы анемиясы бар адамдарда гемолиздік криздің дамуына түрткі болуы, жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздіктің дамуына әкелуі мүмкін.
Онкологияда пайдалану. Аскорбин қышқылын жылдам ұлғаятын және кең диссеминацияланған ісіктері бар пациенттерде жоғары дозаларда қолдану үдеріс ағымын ушықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан аскорбин қышқылын пациенттердің бұл тобында сақтықпен қолдану керек.
Зертханалық көрсеткіштерге әсері. Аскорбин қышқылымен емдегенде қанның глюкоза, билирубин деңгейін, трансаминазалар және ЛДГ белсенділігін анықтау нәтижелері бұрмалануы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Аскорбин қышқылының жоғары дозаларын қолдану несептің рН төмендеуіне әкелуі мүмкін, бұл өзекшелік реабсорбцияның артуына және қышқылдар болып табылатын дәрілік препараттардың жинақталуына әкелуі мүмкін, бұл ретте негіздері болып табылатын қосылыстардың өзекшелік реабсорбциясы төмендеуі мүмкін, бұл олардың фармакологиялық белсенділігінің төмендеуіне алып келеді.
Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларына негізделген әртүрлі зертханалық тестілер нәтижелерін бұрмалауы мүмкін екендігін ескеру қажет. Қан плазмасында оның шамадан тыс концентрациясымен пациенттерде темірдің бүйрек экскрециясын стимуляциялау үшін аскорбин қышқылы мен десферриоксамді бір мезгілде тағайындау темірдің кардиоуытты әсерінің артуына әкелуі мүмкін. Сондықтан жүрек функциясы қалыпты пациенттерге десферриоксамин енгізудің бірінші айы ішінде аскорбин қышқылын тағайындауға болмайды, ал жүрек ауруы бар пациенттерге аскорбин қышқылы мен десферриоксаминді бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Аскорбин қышқылының инъекциялық ерітіндісін аминофиллин, блеомицин сульфаты, эритромицин лактобионаты, нафциллин, нитрофурантоин, конъюгацияланған эстрогендер, натрий бикарбонаты, сульфофуразол диэтаноламинмен араластыруға болмайды.
Сондай-ақ, ерітінділер концентрациясы мен ерітінділер pH байланысты хлорамфениколдың натрий сукцинатымен үйлеспеуі мүмкін.
Қандағы салицилаттар концентрациясын жоғарылатады және оксалурияның даму қаупін арттырады.
Этинилэстрадиол, тетрациклин және пенициллиндер сіңуін жоғарылатады.
Темірдің сіңуіне және оның қалпына келтірілген түрде жинақталуына ықпал етеді.
Аскорбин қышқылы және біріктірілген ішілетін контрацептивтер өзара бір бірінің концентрациясын төмендетеді.
Барбитураттар мен примидон аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын күшейтеді.
Жоғары дозаларда аскорбин қышқылы амфетамин және трициклді антидепрессанттар экскрециясын ұлғайтады.
Дефероксаминмен бір мезгілде қолданғанда оның әсерін үдетеді және темірдің шығарылуын арттырады.
Тікелей емес антикоагулянттардың (фениндион, варфарин, неодикумарин) және гепариннің әсерін әлсіретеді.
Ұзақ қолданғанда хинолондар, кальций хлориді, салицилаттар мен глюкокортикостероидтар плазмада аскорбин қышқылының деңгейін және организмде оның мөлшерін төмендетеді.
Темекі шегу мен этил спирті аскорбин қышқылының метаболизмін жеделдетеді және организмде оның мөлшерін төмендетеді.
Қияр, кәді және ақжелкен құрамында болатын тағамдық өнімдер аскорбин қышқылының емдік әсерін бәсеңдетеді.
Сақтау мерзімі
1 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.