Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Крем
Дозировка
2%
Торговое наименование
Аргосульфан
Действующее вещество
Сульфатиазол серебра
Назначение
Барлық дәрежедегі тері күйіктер (оның ішінде сәулемен), тесілулер, сирақтың трофикалық ойық жаралары
Производитель
Фармзавод Jelfa А.О.
Страна
Польша
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір грамм препараттың құрамында
белсенді зат – 20,0 мг күміс сульфатиазолы
қосымша заттар: цетостеарил спирті, сұйық парафин, ақ вазелин, натрий лаурилсульфаты, глицерин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, калий дигидрофосфаты, натрий гидрофосфаты, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ, жұмсақ, біркелкі масса. Препарат реңі қызғылттан ашық-сұр түске дейін ауысуы мүмкін.
Аргосульфан инфекцияны емдеу кезінде жергілікті қолданылады:
- барлық дәрежедегі тері күйіктер (оның ішінде сәулемен)
- тесілулер
- сирақтың трофикалық ойық жаралары.
АТX коды D06ВА02
Әсер ету механизмі
Аргосульфан кремі – сыртқа қолдануға арналған бактерияға қарсы препарат.
Күміс сульфатиазолының бактерияға қарсы әсер ету механизмі бактериялардың өсуін және бөлінуін пара-аминобензой қышқылымен бәсекелес антагонизм арқылы тежеуге және бактериялардағы пурин нуклеотидтерін синтездеуге қажетті фолий қышқылының синтезін тежеуге негізделген.
Фармакодинамикалық әсерлері
Күміс сульфатиалзолы бірқатар грамтеріс және грамоң бактерияларға қарсы белсенділіктің кең ауқымына ие.
Аргосульфан күйік жараны инфекция жұқтырудан қорғайды, беткейінде қорғаныс қабатын қалыптастырады, қажетті ылғалдылықты сақтайды және жараның жазылуына ықпал етеді.
Дозалау режимі
Тазартудан және хирургиялық өңдеуден кейін стерильділік шарттарының сақталуымен препаратты күніне 2-3 рет 2-3 мм қалыңдықпен жараға жағады.
Ең жоғарғы тәуліктік доза – 25 г.
25 г ең жоғары тәуліктік дозаға жету үшін күніне 15 г препараттан екі сықпаға дейін немесе 40 г бір сықпаны пайдалануға болады. Көрсетілген дозаны асыру (25 г артық) ұсынылмайды.
Емнің ең жоғары курсы – 20 күн.
Препаратты 20 күн бойына қатарынан қолдануға болады. Емдеуді жалғастыру қажет болған жағдайда дәрігермен кеңесу ұсынылады.
2 айдан асқан балаларда дозаны өзгерту қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат ашық әдіспен де, окклюзиялық таңғыштарды пайдалану арқылы да сыртқа қолданылады.
Емдеу кезінде жараның барлық жеріне крем жағылуы тиіс. Егер жараның бір бөлігі ашылса, қосымша крем жағу қажет. Окклюзиялық таңғыш қоюға болады, бірақ ол міндетті емес.
Кремді жара толық жазылғанға дейін немесе жараның беті теріні ауыстырып салуға дейін дайын болғанша жағады. Препарат инфекция жұқтырған жараларға қолданылған жағдайда экссудат пайда болуы мүмкін. Кремді қолданар алдында жараны хлоргексидиннің 0,1% сулы ерітіндісімен, бор қышқылының 3% сулы ерітіндісімен немесе басқа антисептикпен шаю қажет.
- сульфатиазолға және басқа сульфаниламидтерге аса жоғары сезімталдық
- туа біткен глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі
- шала туған сәбилер және 2 айға дейінгі жаңа туған нәрестелер (ядролық сарғаюдың қаупінің дамуына байланысты)
- жүктілік, лактация кезеңі
Күміс сульфатиазолдың өте төмен ерігіштігі және зақымданған тері арқылы шектеулі сіңуі өнімнен туындаған жағымсыз реакциялар қаупін азайтады.
Ұзақ уақыт қолдану жүйелі сальфонамидке тән жағымсыз реакциялар қаупімен байланысты, оның ішінде бүйректің немесе бауырдың зақымдануы, агранулоцитоз, геморрагиялық диатез, аплазиялық немесе гемолиздік анемия, лейкопения, тері реакциясы және аса жоғары сезімталдық, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы, эксфолиативті дерматит.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Арнайы ескертулер
Терінің ауқымды бөліктерінде ұзақ уақыт қолдану аясында, әсіресе бүйрек пен бауыр аурулары жағдайында қан сарысуындағы сульфатиазол деңгейін бақылау керек.
Ауқымды күйіктерде, толық аллергологиялық анамнезді жинау мүмкін болмауына орай, шок күйіндегі науқастарға қолданғанда сақ болу керек.
Препарат құрамында қосымша зат цетостеарил спирті бар, оны қолдану жергілікті тері реакцияларына (жанаспалы дерматиттерге), сондай-ақ метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат әкелуі мүмкін, оларды қолдану баяу типті аллергиялық реакцияларға әкелуі мүмкін
Жаңа туған сәбилерде сарғаюдың күшею ықтималдығына байланысты, шала туған сәбилерде, жаңа туған нәрестелерде және 2 айға толмаған балаларда қолданылмайды.
Сыртқа қолданылатын Аргосульфан кремі теріні және іш киімді қарайтпайды.
Бұл дәрілік препараттың құрамында 1 г кремде 10,00 мг натрий лаурилсульфаты бар, бұл 40 г кремде 400,00 мг натрий лаурилсульфатына сәйкес келеді. Натрий лаурилсульфаты терінің жергілікті тітіркенуін тудыруы мүмкін (мысалы, шаншу немесе күйдіру) немесе терінің сол аймағына жағылатын басқа дәрілердің тері реакциясын күшейтуі мүмкін.
Жүктілік
Жүктілік уақытында препаратты қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік кезінде Аргосульфан дәрілік препаратын қолдану қауіпсіздігі анықталған жоқ. Жүкті әйелдер арасында күміс сульфатиазолын жергілікті қолданғаннан кейін шарананың дамуына әсер етуге қатысты бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.
Лактация
Жергілікті қолданғаннан кейін емізетін әйелдердің сүтіне күміс сульфатиазолының немесе оның метаболиттерінің бөліну, бөлінбеу дәрежесі анықталған жоқ. Алайда, пероральді сульфонамидтер емшек сүтімен шығарылатындығы және балада сарғаю тудыруы мүмкін екендігі анықталды. Бала емізетін пациенттерде өнімді пайдаланудан аулақ болу керек.
Балаларда қолдану
Жаңа туғандар сәбилерде сарғаюдың күшею ықтималдығына байланысты, шала туған сәбилерде, жаңа туған нәрестелерде және 2 айға толмаған балаларда қолданылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Аргосульфан көлік құралын басқаруға немесе қозғалыстағы механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сыртқа қолдануға арналған басқа дәрілік препараттармен біріктірілімде қолдану ұсынылмайды. Миелоуытты ДЗ препараттың гемауыттылық көріністерін күшейтеді.
Фолий қышқылы және оның құрылымдық аналогтары (мысалы, прокаин) сульфатиазолдың микробқа қарсы әсерін әлсіретуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Алғаш ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі - 6 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.