Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Суппозитории ректальные
Торговое наименование
Анузол-Фармаприм
Действующее вещество
Висмута соли в комбинации с другими препаратами
Назначение
Геморрой, артқы өтіс сызаттары
Производитель
ООО ФАРМАПРИМ
Страна
Республика Молдова
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір суппозиторий құрамында
белсенді заттар:ксероформ(висмут трибромфеноляты) 100 мг,
итжидек жапырақтарының құрғақ экстрактісі 30 мг,
мырыш сульфаты гептагидраты 50 мг,
қосымша заттар: сусыз ланолин, этил спирті 96 %, тазартылған су, қатты май.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жасыл-сарыдан жасыл түске дейін немесе сарыдан ашық-қоңыр түске дейін, ксероформның өзіне тән иісі бар, жылтыр және/немесе күңгірт беті бар цилиндроконустық пішінді суппозиторийлер. Күңгірт дақтар болуына жол беріледі.
Кесіндісінде ауалы және кеуекті өзекше және шұңғыл тәрізді ойық болуы мүмкін.
- геморрой
- артқы өтіс сызаттары
Геморройға қарсы біріктірілген дәрі. Препараттың спазмолитикалық, ауыруды басатын, жергілікті қабынуға қарсы, антисептикалық, тұтқыр және құрғатқыш әсері бар.
Итжидек экстрактісі құрамында атропин тобынан алкалоидтар (гиосциамин, скополамин, апоатропин) бар. Асқазан-ішек жолы бұлшық еттерінің және несеп шығару жолдарының, өттің және өт шығару жолдарының түйілуін азайтады.
Ксероформ тұтқыр, құрғатқыш және қабынуға қарсы әсері бар. Тік ішектің шырышты бетінде денатурацияланған ақуыздардан қорғаныс үлбірін қалыптастырады, қантамырларын тарылтатын әсері бар, жергілікті қабыну үдерісін азайтады.
Мырыш сульфаты тұтқыр, құрғатқыш және антисептикалық әсерге ие.
Препараттың әсері 15-90 минуттан соң басталады.
Дозалау режимі
Ішекті клизма арқылы тазалағаннан кейін немесе ішектің өздігінен босауынан кейін тәулігіне 1 суппозиторийден 1-3 рет.
Препараттың ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 7 суппозиторийлер.
Енгізу әдісі және жолы
Ректальді қолдануға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы 10-14 күнді құрайды.
- белсенді затқа немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аса жоғары
сезімталдық
- жабық бұрышты глаукома
- қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы
- декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі
- тахиаритмия
- миастения
- ішек атониясы
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Белгісіз
- аллергиялық реакциялар
- артқы өтіс тұсын ашыту
- ауыздың құрғауы
- іш қатуы, диарея
- тахикардия, жүректің қағуы
- қарашықтардың кеңеюі, көрудің өткінші бұзылуы (аккомодация парезі)
- бас ауыруы, бас айналуы
- ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық
Мұндай жағдайларда препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге жүгіну керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозаланған жағдайда келесі симптомдары болуы мүмкін: ауыздың құрғауы, тахикардия, тахиаритмия, мидриаз, аккомодация парезі, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, несеп шығуының іркілуі, психомоторлы қозу, құрысулар, көз қарығуы, тер бөлінудің төмендеуі, гипертермия, елестеулер, тыныс алу орталығының салдануы.
Емі: симптоматикалық ем.
Қажет болған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну ұсынылады.
Анузол-Фармаприм препаратын келесі жағдайларда сақтықпен қолдану керек: вегетативті нейропатия, гипертиреоз, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, митральді стеноз, бүйрек аурулары, диафрагма өңеш саңылауының жарығы, рефлюкс-эзофагит, дене температурасының жоғарылауы (тер бездерінің белсенділігін басу
салдарынан қызба мен ыстық өтудің даму ықтималдығы).
Итжидек алкалоидтарының гематоэнцефалдық бөгет арқылы енуі және орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) әсер ететін дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі мүмкін екенін ескеру қажет. Емдік дозаларда итжидек алкалоидтары ОЖЖ-не орташа көтермелеуші әсер етеді, үлкен дозаларда - қоздырғыш әсер етеді, уытты дозаларда - ажитация, тежеу және коматозды жағдаймен ауысып отыратын елестеулер. Суппозиторийлерді итжидек экстрактісімен және антихолинергиялық белсенділігі бар басқа препараттармен бір мезгілде тағайындаудан аулақ болу керек, өйткені жағымсыз әсерлердің пайда болу ықтималдығы артады.
Итжидек экстрактісі асқазан-ішек жолдарының моторлы функциясының тежелуіне байланысты бірге қолданылатын дәрілік және басқа да заттардың сіңуі жылдамдығын төмендетуге ықпал етеді.
Арнайы сақтандырулар
Анузол-Фармаприм құрамында сусыз ланолин бар, ол жергілікті тері реакциясын туғызуы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).
Педиатрияда қолдану
Препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезінде көлікті жүргізу, механизмдерді басқару немесе жоғары назарды, жылдам психомоторлық реакцияларды және жақсы көруді талап ететін басқа да қызмет түрлерін орындау кезінде сақ болу керек.
Жүктілік
Препаратты жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды.
Бала емізу
Препаратты лактация кезеңінде қолдануға болмайды. Лактация кезеңінде препаратты қолдану қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтату керек.
Фертильділік
Деректер жоқ.
Трициклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолданғанда препараттың М-холинблокаторлық әсерінің күшеюі мүмкін (ауыздың құрғауы, аккомодацияның бұзылуы, тахикардия, іш қатуы және т.б.).
Жүрек жиырылу жиілігін арттыратын препараттармен (оның ішінде прокаинамид) қолданғанда – айқын тахикардия болуы мүмкін.
Моноаминоксидаза (МАО) тежегіштері жағымсыз әсерлердің дамуы мен оң хроно - және батмотропты әсерін күшейтеді; жүрек гликозидтерімен бірге қолданғанда – оң батмотропты әсердің күшеюі қаупін арттырады .
Этанолды (алкогольді) итжидек (белладонна) препараттарымен бір мезгілде қабылдаған кезде ОЖЖ тежеу әсерінің күшеюі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.