Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки вагинальные
Дозировка
10 мг
Торговое наименование
АНТИБАКТ®
Действующее вещество
Деквалиний хлориді
Назначение
АНТИБАКТ® препараты: бактериялық және зеңдік тектес вагинальды инфекцияларды емдеуге арналған (мысалы, бактериялық вагиноз, кандидозды вагинит)
Производитель
Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Страна
Казахстан
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – деквалиний хлориді, 10 мг
қосымша заттар: құрғақ лактоза спрейі 250,
микрокристалды целлюлоза РН 102,
магний стеараты
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, екі беті дөңес, түсі ақ немесе ақ дерлік таблеткалар.
АНТИБАКТ® препараты:
- бактериялық және зеңдік тектес вагинальды инфекцияларды емдеуге арналған (мысалы, бактериялық вагиноз, кандидозды вагинит).
Антибактериалды дәрілерді дұрыс қолдануға қатысты ресми ұсыныстарды ескеру қажет.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Препаратты әрдайым емдеуші дәрігердің ұсыныстарына сәйкес қолданыңыз. Күмән болған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Препараттың ұсынылатын дозасы күніне бір рет қынаптық бір таблетканы (10 мг деквалиний хлориді) құрайды.
Қынаптық қолдану үшін
Бір қынаптық таблеткадан күн сайын 6 күн бойы қолдану ұсынылады. Қынаптық таблетканы кешке ұйықтар алдында қынапқа тереңдете енгізеді. Препаратты аяқты сәл жинап, шалқадан жатқан күйде енгізу керек. Етеккір кезінде емдеуді тоқтатып, аяқталғаннан соң жалғастыру керек.
Бөліністер және қабыну әдетте 24-тен 72 сағатқа дейінгі уақытта басылады, алайда жайсыздық сезімі (қышыну, бөліністер, иіс) басылса да, емдеуді жалғастыру қажет.
Емдеу кезеңінде пациенттерге гигиеналық төсемдерді пайдалану керек және іш киімді жиі ауыстыру ұсынылады. Пациентке іш киімді, түкті сүлгілерді және жөкелерді күнделікті ауыстырып, кем дегенде 60 °C температурада жуу ұсынылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Интравагинальді
Емдеу ұзақтығы
6 күн
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдықта
- қынаптың немесе жатыр мойнының ойық жараларында
- балаларға (жыныстық жетілмеген қыздар)
Жиі
• қынаптық бөлініс, қынап қышынуы, қынап ішін күйдіріп ашытуы
Жиі емес
• цистит, терінің зеңдік инфекциясы, жыныстық герпес
• аллергиялық реакция (бөртпе, қышыну, есекжем)
• бас ауыруы
• жүрек айнуы
• қынаптың ауыруы, вульвит, вульвовагинит, қынаптан қан кету, қынаптың жарасы, қынаптың қызаруы
• қызба
Сирек
• қынаптың құрғауы, қынаптық ыңғайсыздық
Белгісіз
• іштің ауыруы, құсу, диарея
* әсіресе эстроген тапшылығына байланысты айқын қабыну немесе қынаптың атрофиясы нәтижесінде алдын ала зақымдалған қынап эпителийі жағдайында
Жоғарыда аталған симптомдар пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозаланудың нақты симптомдары жоқ. Алайда, күндізгі жоғары дозаларды қолдану қынапта ойық жаралардың түзілуіне әкелуі мүмкін.
Препаратты ішке көзделмеген жағдайда жағымсыз реакциялар күтілмейді. Алайда, кейбір жағдайларда симптомдар болуы мүмкін: бас айналу, жүрек айну немесе құсу.
Өткізіп алған таблетканың орнын толтыру үшін қос дозаны қолданбаңыз.
Осы препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігеріңізге жүгініңіз.
Препараттың жаңа туған нәрестеге әсерін азайту үшін босанғанға дейін 12 сағат бойы қынаптық таблеткаларды қолдануға болмайды.
Емдеуге жауап бермеген немесе препаратпен бастапқы емнен кейін қайтаналу болған пациенттерді қайта емдеудің тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.
Егер емдеу барысында немесе аурудың қайталануы кезінде симптомдары сақталса, пациенттерге дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Неғұрлым жоғары тәуліктік дозаны пайдалану немесе ұсынылған емдеу ұзақтығын ұлғайту қынаптық ойық жаралардың пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде деквалиний хлоридінің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ. Дегенмен, жасына байланысты дозаны түзету қажет емес.
Балалар мен жасөспірімдер
Менарх басталғанға дейін пациенттерде деквалиний хлоридін қолдануға болмайды. Алғашқы етеккірден кейінгі жасөспірімдерге, егер көрсетілсе, ересектерге арналған доза ұсынылады.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деквалиний хлориді бүйрек қызметі бұзылған пациенттерде зерттелмеген. Алайда, вагинальды қолдану мен төмен сіңуіне байланысты дозаны түзету қажет емес.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Деквалиний хлориді бауыр функциясы бұзылған пациенттерде зерттелмеген. Алайда, вагинальды қолдану мен төмен сіңуіне байланысты дозаны түзету қажет емес.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
АНТИБАКТ® препарты сіздің көлік жүргізу немесе кез-келген жабдықпен жұмыс істеу қабілетіңізге әсер етуі екіталай. Зерттеулер жүргізілмеген.
АНТИБАКТ® препаратын жүктілік кезінде өте қажет болған жағдайда ғана қолдану керек. Атап айтқанда, 1 триместрде деквалиний хлоридін тағайындау кезінде тәуекел мен пайда арақатынасын мұқият бағалау керек.
Препараттың жаңа туған нәрестеге әсерін азайту үшін босанғанға дейін 12 сағат бойы қынаптық таблеткаларды қолдануға болмайды.
АНТИБАКТ® препаратының бала емізетін әйелдерге жүйелік әсері елеусіз болып табылады. Осылайша, емшек сүтімен қоректенетін нәрестеге жағымсыз әсер күтілмейді.
Препаратын, егер бұл клиникалық тұрғыдан негізделген болса, бала емізу кезінде қолдануға болады.
Сабын, жуғыш заттар және сурфактанттар сияқты аниондар деквалиний хлоридінің микробқа қарсы белсенділігін төмендетуі мүмкін. Осылайша, сабын, спермицидтер немесе қынаптық душтарды бір уақытта қолдану ұсынылмайды (қынаптық шаю).
АНТИБАКТ®, қынаптық таблеткалар, латексті мүшеқаптардың беріктігіне әсер етпейді. Латексті емес мүшеқаптармен және диафрагма сияқты басқа интравагинальді өнімдермен өзара әрекеттесу туралы деректер жоқ, сондықтан емдеуден кейін кем дегенде 12 сағат бойы ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.