Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Спрей для местного применения
Торговое наименование
Ангисептин
Действующее вещество
Прочие препараты
Назначение
Ауыз қуысы мен мұрын-жұтқыншақтың қабыну ауруларының (стоматит, гингивит, баспа, фарингит, тонзиллит) алдын алуда және жергілікті емдеуде
Производитель
Рубикон
Страна
Беларусь
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл спрейдің құрамында
белсенді заттар – хлоргексидин биглюконаты (20 % хлоргексидин биглюконаты ерітіндісі түрінде) – 1,2 мг/мл, тетракаин гидрохлориді – 0,6 мг/мл.
қосымша заттар – глицерин, 96 % этил спирті, аспартам (Е 951), «Жалбыз» хош иістендіргіш қоспасы (пропиленгликоль (Е1520), жалбыз майы, ментол, анис майы, табиғи эвкалиптол), пропилпарагидроксибензоат (пропилпарабен), сусыз лимон қышқылы, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалбыз иісі бар түссіз ерітінді.
• Ересектер мен 10 жастан асқан балаларға қолданылады.
- ауыз қуысы мен мұрын-жұтқыншақтың қабыну ауруларының (стоматит, гингивит, баспа, фарингит, тонзиллит) алдын алуда және жергілікті емдеуде
- жоғарғы тыныс жолдары катарының салдарын жою
- тонзилэктомиядан, тіс экстракциясынан кейінгі жағдай;
- пародонтоз.
• Хлоргексидин бактерицидті және бактериостатикалық әсер етеді.
• Грамоң және грамтеріс бактерияларға қатысты бактерияға қарсы әсер ету ауқымы кең, Candida albicans қатысты белсенді. Хлоргексидин әсіресе Streptococcus mutans, Streptococcus salivarius, Escherichia coliжәне анаэробты бактерияларға қатысты белсенді. Микроорганизмдердің Streptococcus spp, Proteus spp, Pseudomonas, Klebsiella spp, Veillonella spp. сияқты түрлеріне қатысты тиімділігі аздау.
• Тетракаинның жергілікті ауырсынуды басатын әсері бар.
• 1 бүрку = дәрілік заттың 0,1 мл.
Дозалау режимі
• Ересектер және 15 жастан асқан балалар: бір қабылдауға 2-4 дозадан (бүркуден) күніне 6 ретке дейін.
• 10 жастан 15 жасқа дейінгі балалар: бір қабылдауға 2-4 бүркуден күніне 3 ретке дейін.
Енгізу әдісі мен жолы
Жергілікті. Препаратты демді алмай тұрғанда ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығына шашады.
Спрейді бірінші рет қолданар алдында қақпақты алыңыз, қондырғыны көлденең қалыпқа келтіріңіз, ағын пайда болғанға дейін дозаторды бірнеше рет басыңыз. Егер дәрілік препарат ұзақ уақыт қолданылмаса (кем дегенде бір апта бойы), онда ағын пайда болғанға дейін дозаторды бір рет басыңыз. Дәрілік препаратты деммен бірге жұтудан аулақ болу керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 5 күннен аспайды, қабылдаулар арасындағы аралық – кемінде 4 сағат.
- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жоғары васкуляризацияланған аймақтардағы шырышты қабықтардың зақымдануы немесе қабынуы;
- фенилкетонурия
- балалар (10 жасқа дейін).
• Барлық дәрілік препараттар сияқты, АНГИСЕПТИН препараты жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, бірақ олар барлығында туындай бермейді.
• Препаратты қабылдаған кезде келесі жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін (жанама әсерлердің туындау жиілігі қолда бар деректердің негізінде бағалануы мүмкін емес):
– анафилаксиялық шок, анафилаксиялық реакциялар, аса жоғары сезімталдық реакциялары;
– дисгевзия, тілдің ашуы сезімі, (бұл реакциялар спрейді қолданудың басында дамуы мүмкін, әрі қарай қолданған кезде олар әдетте азаяды);
- ауыз қуысының шырышты қабығының өтпелі гипестезиясы: тілдің ұюы;
– тұншығу;
- тілдің артқы беткейінің түсінің өтпелі өзгеруі;
– тістердің, пломбалардың және протездердің өтпелі түссізденуі;
- құлақ маңы сілекей бездерінің өтпелі ұлғаюы;
- ауыз қуысының шырышты қабығы эпителийінің түлеуі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
• Ангисептинді емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес немесе препараттың қосымша парағында көрсетілген дозаларда қолданыңыз.
• Симптомдары:
• Бас айналу, жалпы әлсіздік, цианоз, қозу, мазасыздық, бұлшықет треморы, тыныс алудың бұзылуы, жүрек айну, құсу.
• Емі
• Симптоматикалық ем.
Артық дозалану симптомдары пайда болған жағдайда дәрілік затты қолдануды тоқтату және дәрігерге қаралу қажет!
• Тек жергілікті қолдану үшін. Спрейді деммен жұтуға болмайды.
• Көзге, құлаққа және мұрын қуысына түсуден сақ болыңыз. Егер спрей көзге, құлаққа және мұрын қуысына кездейсоқ түскен жағдайда, сол жерді көп мөлшердегі сумен жақсылап шаю ұсынылады.
• Егер емдеу басталғаннан кейін 3 күннен соң аурудың симптомдары жойылмаса немесе ауру ағымының нашарлауы байқалса, оны одан әрі қолданудың орындылығын анықтау қажет.
• Балалар препаратты 10 жастан бастап қолдана алады, ал бала препаратты енгізгенде дем алмай тұра алуы керек.
• Препараттың 1 дозасының (2 бүрку) құрамында 80 мг абсолютті этанол бар.
• Дәрілік заттың 1 дозасының (2 бүрку) құрамында 0,882 мг пропиленгликоль бар.
• Препаратты қабылдау кезінде 1 дозаның (2 бүрку) құрамында 0,2 мг аспартам бар екенін ескеру қажет. Аспартам фенилаланиннің көзі болып табылады. Мұны фенилкетонурияға шалдыққан пациенттер ескеруі керек.
• Дәрілік заттың құрамындағы пропилпарагидроксибензоат аллергиялық реакцияларды (кешіктірілуі мүмкін) және ерекше жағдайларда бронхоспазмды тудыруы мүмкін.
• Ауыз қуысы мен тамақты емдеуге арналған, құрамында йод (Люголь ерітіндісі, повидон-йод) бар препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
• Сақтықпен: жүктілік кезінде және лактация кезінде, қант диабетінде, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, гемохроматоз, сидеробластты анемия, талассемия, гипероксалурия, оксалоз және несептас ауруы кезінде.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
10 жасқа дейін қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
• Препаратты көлік құралын басқарғанға дейін кемінде 30 минут бұрын қабылдау керек. Осы ұсынымды сақтаған кезде препарат автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Дәрігермен кеңескеннен кейін ғана.
• Емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне қазіргі уақытта немесе жақында басқа дәрілік препараттарды қабылданғаны туралы немесе егер Сіз басқа дәрілік препараттарды, оның ішінде рецептісіз босатылатын препараттарды қабылдауды жоспарласаңыз, хабарлау керек.
• Сахароза, полисорбат 80, магний, мырыш және кальцийдің ерімейтін тұздары хлоргексидиннің әсерін азайтады.
• Тетракаин сульфаниламидтік препараттардың бактерияларға қарсы белсенділігін төмендетеді. Қантамырды тарылтатын дәрілер әсерін ұзартады және уыттылығын азайтады. Холинэстеразаны тежейтін дәрілік заттар (миастенияға қарсы дәрілер, циклофосфамид, тиотепа және т.б.), тетракаиннің метаболизмін төмендетеді және оның уыттылығын жоғарылатады. Антикоагулянттар (натрий далтепарині, натрий эноксапарині, натрий гепарині, варфарин) қан кетудің даму қаупін артырады. Тетракаинды моноаминоксидазаны тежейтін дәрілік заттармен (фуразолидон, прокарбазин, селегилин) қолданғанда артериялық қысымның төмендеу қаупі артады. Тетракаин миорелаксациялаушы дәрілік заттардың әсерін күшейтеді және ұзартады. Бета-адреноблокаторлар тетракаиннің метаболизмін, оның уыттылығын ұлғайта отырып, баяулатады (бауыр қанағымын төмендетеді).
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі жарамдылық мерзімі – 1 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.