Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки для рассасывания
Торговое наименование
Ангисепт
Действующее вещество
Прочие препараты
Назначение
Жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы инфекцияларында (ЖРА, ангина, гингивиттер, стоматиттер)
Производитель
"ПЛП"ЖАНАФАРМ"
Страна
Казахстан
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: прополис тұндырмасы 0,06 г, аскорбин қышқылы 0,005 г;
қосымша заттар: қант, лимон қышқылы, кальций стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық-сары түсті, болар-болмас теңбілдері бар, сызығы мен ойығы бар, диаметрі 12 мм-ге жуық, биіктігі (4,0 ± 0,2) мм жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар. Дәмі қышқыл-тәтті, өзіне тән иісі бар.
Ангисепт ересектер мен 6 жастан асқан балаларда келесі ауруларда қолданылады:
- жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы инфекцияларында (ЖРА, ангина, гингивиттер, стоматиттер);
- ауыз қуысы мен тамақтың қабыну ауруларында;
- ауыз қуысындағы ойық жаралар мен жараларда;
- ауыздағы және тамақтағы жағымсыз сезімдер (құрғауы және жыбырлауы) кезінде;
- ауыздан жағымсыз иіс шығатын жағдайда.
Әсер ету механизмі
Ангисепт біріктірілген дәрілік препарат болып табылады.
Прополистің құрамында флавоноидтар, флавондар, флавонолдар, даршын қышқылының туындылары бар, осының есебінен препарат бактерияға қарсы және қабынуға қарсы әсерге ие және ауырсынуды басатын дәрі ретінде әсер етеді. Прополистің ауырсынуды басатын қасиеті ферменттік деңгейде жүреді.
Прополистің күшті антисептикалық әсері организмді патогендік бактериялар мен вирустардан қорғайды. Бір қызығы, синтетикалық антибиотиктерден айырмашылығы, бактерияларда прополиске қарсы төзімділік түзілмейді. Прополис тимус функциясын стимуляциялайды және интерферон өндірілуін белсендіреді, липидтер мен қандағы қантты реттейді. Прополис жылдам регенерацияға ықпал ететіндіктен, одан алынған препараттар трофикалық жараларды, ұзақ уақыт жазылмаған жараларды, экземаларды, дерматоздарды емдеуде сәтті пайдаланылады. Прополистің емдік заттарының әсерінен шырышты қабықтардың эпителийленуі жеделдейді, тіндердің қабынуы қалпына келуімен алмасады.
Аскорбин қышқылы (С дәрумені) суда еритін дәрумендер тобына жатады. Аскорбин қышқылы (С дәрумені) айқын қалпына келтіру қасиеттеріне ие. Ол тотығу-тотықсыздану реакцияларына, көмірсулар алмасуын реттеуге қатысады, хош иісті қатардағы амин қышқылдарының алмасуына, тироксин метаболизміне, катехоламиндердің, стероидты гормондар мен инсулиннің биосинтезіне әсер етеді, қанның ұюына, коллаген мен проколлаген синтезіне, дәнекер және сүйек тіндерінің регенерациясына қажет. Капиллярлардың өткізгіштігін жақсартады. Ішекте темір абсорбциясына ықпал етеді және гемоглобин синтезіне қатысады. Организмнің спецификалық емес резистенттілігін жоғарылатады. Аскорбин қышқылын тамақпен жеткіліксіз қабылдау С дәрумені тапшылығы жағдайларының дамуына алып келеді, өйткені организмде бұл дәрумен синтезделмейді.
Дозалау режимі
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға күніне 3-4 рет 1 таблеткадан.
12 жастан асқан балалар мен ересектерге доза екі еселенеді.
Ең жоғары тәуліктік дозасы – 8 таблетка.
Паценттердің ерекше топтары
Балалар
6 жасқа дейінгі балаларда қолданылуының қауіпсіздігі анықталмаған.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Дозасын түзету қажет емес.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерге дозасын түзету қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Толық ерігенге дейін ауызда баяу сору керек. Препаратты қолданғаннан кейін бірден тамақ ішпеген және 1-2 сағат бойы сусын ішпеген дұрыс.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 5-6 күн.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.
- препараттың белсенді заттарына немесе қандай-да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық;
- қант диабеті;
- 6 жасқа дейінгі балаларға;
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы, фруктоза жақпаушылығы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер.
Өте сирек:
- жүрек айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі;
- ара шаруашылығы өнімдеріне аллергиялық реакциялар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК, http://www.ndda.kz.
Симптомдары: препаратты ұсынылғанынан артық дозаларда қабылдау асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылуларды туындатуы мүмкін.
Емі: препаратты қабылдауды тоқтату керек.Симптоматикалық ем.
Гипергликемиямен қатар жүруі мүмкін жағдайларда препаратты тек дәрігердің ұсынымы бойынша және аз дозаларында қабылдауға болады.
Арнайы сақтандырулар
Егер ауру симптомдары сақталып қалса, нашарласа немесе жаңалары пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.
Прополис сирек аллергия тудырады, бұл оны терінің аллергиялық ауруларын емдеуде де қолдануға мүмкіндік береді. Алайда, жоғары сезімталдықтың пайда болу ықтималдығы бәрібір де бар. Аллергиясы бар адамдарға қолданар алдында аурудың өршуін басатын дәрілер қолда ұстай отырып, тері сынамаларын жүргізу ұсынылады. Аллергенділігінің төмендігі оны қатарлас аурулар жағдайында кешенді емдеуде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Аскорбин қышқылын жылдам пролиферацияланатын және қарқынды метастаздалатын ісіктері бар пациенттерге тағайындау үдеріс ағымын ушықтыруы мүмкін. Организмінде темір мөлшері жоғары пациенттерде аскорбин қышқылын ең аз дозаларда қолдану керек.
Құрамында аскорбин қышқылының болуына байланысты қан ұюы жоғары, полицитемия, лейкемия, тромбофлебит немесе тромбозға бейімділігі, гипероксалуриясы, бүйрек-тас ауруы бар пациенттерге тағайындағанда ерекше сақтық таныту керек. Аскорбин қышқылының жоғары дозаларын қабылдау бүйректе кальций оксалаты тастарының түзілуімен байланысты, сондықтан гипероксалуриясы бар пациенттерде аскорбин қышқылын сақтықпен қолдану керек.
Педиатрияда қолдану
6 жасқа дейінгі балаларға қауіпсіздігі анықталмаған.
Қосымша заттар
Дәрілік препараттың құрамында қант бар, мұны қант диабеті бар пациенттерде ескеру керек.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ, сондықтан препаратты тек, ана үшін болжамды пайдасы шарана мен балаға төнетін қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.
Басқа препараттармен клиникалық тұрғыдан елеулі өзара әрекеттесулері анықталған жоқ. Препаратты микробқа қарсы басқа жергілікті дәрілермен бір мезгілде қолдануға болады.
Аскорбин қышқылы қандағы пенициллин мен тетрациклиндер концентрациясын жоғарылатады, ішекте темірдің сіңірілуін жақсартады (үш валентті темірді екі валентті темірге айналдырады), дефероксаминмен бір мезгілде қолданғанда темірдің шығарылуын арттыруы мүмкін. Құрамында алюминий бар антацидтермен аскорбин қышқылын бір мезгілде қолдану алюминийдің несеппен шығарылуын арттыруы мүмкін.
Қысқа әсер ететін салицилаттармен және сульфаниламидтермен емдегенде С дәруменін бірге тағайындау қышқылдардың бүйрекпен шығарылуын баяулатады, сілтілік реакциясы бар дәрілік заттардың (оның ішінде алкалоидтардың) шығарылуын жоғарылатады, кристаллурияның даму қаупін арттырады. Аскорбин қышқылы бір мезгілде қолданғанда пероральді контрацептивтердің, тікелей емес антикоагуляторлардың қандағы концентрациясын төмендетеді, этанолдың жалпы клиренсін жоғарылатады, изопреналиннің, В12 дәруменінің, нейролептиктер - фенотиазин туындыларының (мысалы, флуфеназин) емдік әсерін азайтады, трициклдық антидепрессанттардың өзекшелік реабсорбциясын төмендетеді. Барбитураттарды бір мезгілде қабылдау аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын арттырады. Индометацин аскорбин қышқылының тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.