Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Пастилки для рассасывания
Торговое наименование
Ангал®
Действующее вещество
Прочие препараты
Назначение
Жұтқыншақ және тамақ ауруларын симптоматикалық емдеуде
Производитель
Квалифар Н.В./С.А.
Страна
Бельгия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір пастилканың құрамында
белсенді заттар: 5.00 мг хлоргексидин дигидрохлориді (3% артығын қосқанда 5.15 мг), 1.00 мг лидокаин гидрохлориді (3% артығын қосқанда 1.03 мг),
қосымша заттар: левоментол, сусыз лимон қышқылы, магний стеараты, сорбитол.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі, сақтаудың соңында ашық қоңырдан қоңыр түске дейінгі аздаған теңбілдері болатын пастилкалар.
Жергілікті қолдануға арналған.
- жұтқыншақ және тамақ ауруларын симптоматикалық емдеуде.
Әсер ету механизмі
Ангал препаратының жергілікті жансыздандыратын немесе ауыруды басатын және бактерияға қарсы әсері бар. Препарат жұтқыншақ қабынуын азайтып, тамақтың ауырлау бактериялық инфекцияларының даму мүмкіндігін төмендете отырып, тітіркенген және жұтынған кездегі ауыруды жеңілдетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Лидокаин гидрохлориді шеткері жергілікті әсер ететін амид типті анестетик түрінде болады. Ол қолданылған жердегі жүйке импульсінің өтуін бөгемей, беткейлік жансыздандыратын әсер көрсетеді.
Жергілікті анестетик ретінде, лидокаин осы топтың басқа да препараттары сияқты әсер ету механизміне ие болады; ол сезімтал, қозғалтқыш және вегетативтік жүйке талшықтарында генерацияны және жүйке импульстерінің өтуін бөгейді. Ол жасушалар жарғақшаларына тікелей ықпалын тигізіп, натрий иондарының жарғақша арқылы жүйке талшықтарына түсуін тежейді. Жансыздандырғыш әсерінің үдемелі таралуына орай, шеткері жүйкелерде электрлі қозу шегі артады, жүйке импульсінің өтуі баяулайды, ал әсер ету қуатының жаңғыруы әлсірейді, бұл түпкілікті нәтижеде жүйке импульсінің толық бөгелуіне әкеп соғады. Жалпы алғанда, жергілікті анестетиктер вегетативтік жүйкелерді, миелинизацияға ұшырамаған (ауыруды сезіну) ұсақ және миелинизацияға ұшыраған (ауыру, температураны сезіну) ұсақ талшықтарды, миелинизацияға ұшыраған ірі талшықтарға (жанасу, қысылу сезімі) қарағанда, тезірек бөгейді.
Молекулалық деңгейде лидокаин белсенді емес жағдайдағы натрий ион өзектерін спецификалық бөгейді, бұл әсер ету қуатының өндірілуін кедергілеп, лидокаинді жүйкеге жақын жергілікті пайдаланғанда жүйке импульсінің өтуін болдырмайды.
Лидокаинді жергілікті ауыруды басатын дәрі ретінде пайдаланғанда шеткері жүйкелерге әсері маңызды болып табылады. Тиімділігі мен уыттылығы арасындағы арақатынас қолайлы болып табылады. Лидокаин туындатқан аллергиялық реакциялар өте сирек байқалады.
Бұдан басқа, шеткері жүйкелер өткізгіштігі бөгелген кезде жергілікті ауыруды басатын дәрілер өткізгіштік импульсі пайда болатын барлық ағзаларға ықпалын тигізеді. Орталық жүйке жүйесіне, автономды ганглийлерге, жүйке-бұлшықет қосылысына және бұлшықет талшықтарының барлық түрлеріне әсері байқалды. Лидокаин сондай-ақ аритмияға қарсы Ib класына жататын препарат болып табылады.
Хлоргексидин грамоң (мысалы, Micrococcus sp., Staphylococcus sp., Bacillus sp., Clostridium sp., Corinebacterium sp.) және аз дәрежеде грамтеріс микроорганизмдерге, көбіне вегетативті түрлеріне (ол бактериялық спораларға қатысты бөлме температурасында тиімсіз) бактерияларға қарсы әсер ететін бис-бигуанидтік антисептик болып табылады. Ол сондай-ақ дерматофиттер мен зеңдерге қатысты микозға қарсы әсерге ие. Ол кейбір липофильді вирустардың (мысалы тұмау вирусы, герпес вирусы, АИТВ) инфекциялық белсенділігін жылдам бөгейді.
Препарат бактериостатик ретінде төмен концентрацияларда әсер етеді, ал жоғары концентрацияларда бактерицидтік әсер көрсетеді.
Хлоргексидинде күшті оң заряд болады, осылайша, ол бактериялық жасуша қабырғасының теріс зарядталған бөліктерінде және жасушадан тыс құрылымдарда сіңіріледі. Сіңірілуі спецификалық және құрамында фосфаттары бар бактериялық жасуша қабырғасының тиісті бөліктерінде шоғырланады. Бұл жасушалық жарғақша тұтастығын бұзады және оның өткізгіштігінің артуына әкеледі.
Хлоргексидин тістердің беткейінде, тіс өңезінде немесе ауыздың шырышты қабығында сіңіріледі, оның ауыз қуысында ұзақ болуы осылайша шартталған.
Антисептиктердің және дезинфекциялайтын заттардың тиімділігі концентрацияға, температураға және әсер ету уақытына байланысты.
Дозалау режимі
Пастилкалар ауыз қуысында соруға арналған.
Ересектер және 12 жастан асқан балаларға: ауызда біртіндеп сорылатын күніне 6-дан 10 пастилкаға дейін.
5 жастан 12 дейінгі балаларға: күніне 3-тен 5 пастилкаға дейін.
Ересек адам үшін ең жоғары бір реттік доза 5 мг хлоргексидин және 1 мг лидокаин құрайды, бұл бір пастилкаға сәйкес келеді.
Хлоргексидиннің ең жоғары тәуліктік дозасы 50 мг, ал лидокаиндікі - 10 мг құрайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Пастилкалар ауыз қуысында соруға арналған. Бір пастилка біртіндеп ауызда сіңеді, белсенді заттар баяу және біртіндеп босап шығып, лидокаинге байланысты жергілікті жансыздандыратын әсер етеді, әсері тез дамиды – 2-5 минуттан кейін және 30-45 минутқа созылады.
Емдеу узақтығы
Препаратты үздіксіз, 3-4 күннен ұзақ, немесе тым жиі қолдануға болмайды. Препаратты тек қабыну туындатқан ауыру және тамақтағы тітіркену симптомдарын жеңілдету қажеттілігі үшін ғана пайдалану қажет.
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 5 жастан кіші балалар
- препарат құрамында левоментол болғандықтан анамнезінде бұлшықет құрысулары (оның ішінде қызбамен құрысулар) бар балаларға
- жүктілік және лактация кезеңі (Арнайы ескертулер бөлімін қараңыз)
Ауыз қуысында жергілікті, шектеулі уақыт ішінде және жұтқыншақ аумағында препараттың ұсынылған дозасын ұстанумен пайдаланғанда препарат дозасы жақсы көтерімді.
Жиі
- терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары
- жүрек айнуы, құсу, іш аумағының ауыруы
Сирек
- анафилаксиялық шокты қоса, ауыр аллергиялық реакциялар
- жанаспалы дерматит
Белгісіз
- метгемоглобинемия
- кешеуілдеген аллергиялық реакция (жанаспалы аллергия, фотосенсибилизация) немесе басқа да терідегі немесе тістегі жергілікті реакциялар
- үрейлену, қозу, эйфория
- ұйқышылдық, бас айналуы, бағдардан адасу, сананың шатасуы, (шатасып сөйлеуді қоса), вертиго, тремор, психоз, күйгелектік, парестезия, есеңгіреу, құрысулар, естен тану және кома
- көрудің бұзылуы, жинақтап көре алмау және көзге қосарлы көрінуді қоса
- құлақтағы шуыл
- тыныс алудың қиындауы, тыныс алу жеткіліксіздігі синдромы, тыныстың тарылуы, тыныс алудың тоқтауы.
- жұтудың қиындауы, ауыз қуысының шырышты қабығындағы ойық жара
- лихеноидты реакция
- бұлшықет құрысулары немесе тремор
- жалпы әлсіздік, дәм сезудің уақытша бұрмалануы немесе тілдің күюді сезінуі, ыстық немесе суықты сезіну
Хлоргексидинді ауыз қуысында ұзақ және үздіксіз қолданғанда тістердің уақытша қоңыр түске боялуы мүмкін. Алайда бұл өңезденуді жоюға болады. Препаратты жұтқыншақ аумағында қолданғанда тістің боялу жағдайлары болмайды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары:
- орталық жүйке жүйесінің бұзылуы: бас ауыруы, елестеулер, бас айналуы, ұйқышылдық, қозу, құлақтағы шуыл, парестезиялар, дизартрия, естудің бұзылуы, периоральді ұю, метаболизмдік ацидоз, нистагм, бұлшықет дірілі, психоздар, құрысулар, тыныстың тоқтауы, эпилепсиялық кома, сана деңгейінің төмендеуі;
- жүрек-қан тамыр жүйесіне әсері: жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі, ауыр брадикардия, жүрек ырғағы бұзылуы (синустық түйін тоқтап қалуы, тахиаритмия), жүрек тоқтауы; құсу, жұтқыншақ ісінуі, өңештің некроздық зақымдануы, қан сарысуындағы аминотрансферазалар концентрациясының артуы, белсенді атрофиялық гастрит аясында асқазан және он екі елі ішектің шырышты қабығының эрозиясы, эйфория, көрудің бұзылуы және дәм сезудің толық жойылуы.
Препаратты тиісті түрде және пастилкадағы концентрацияларда қолданғанда лидокаиннің жүйелі әсерінің қаупі өте төмен және препаратты қолдану режимінің күрделі бұзылуымен байланысты болуы мүмкін.
Емі:
- препарат қабылдауды дереу тоқтату, анионды заттар енгізген жөн
- асқазанды шаю және асқазан ішіндегісін аспирациялау, құстыру
- тыныс алу функциясын қамтамасыз ету, сусыздануды болдырмау және қан айналымын демеп тұру мақсатында ауруханаға жатқызу
- құрысуларда диазепам тағайындалады.
Егер сізде Ангал® препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігерге қаралыңыз.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінен немесе бауыр функциясы бұзылуынан зардап шегетін, сондай-ақ лидокаин аналогтары 1В класты аритмияға қарсы дәрілерді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге препарат тағайындалған кезде, лидокаиннің уыттылық әсерінің күшею қауіптілігіне орай, сақ болу қажет.
Аллергиялық реакциялар туындауына бейім пациенттерге бұл дәрілік затты қолдануда сақ болу керек.
Арнайы ескертулер
Дене температурасының жоғарылауымен бірге жүретін бактериялық инфекцияларда Ангал® тамақтың ауырғанын азайтуға арналған қосымша дәрілік зат ретінде қолданылады өйткені грамоң және аз дәрежеде грамтеріс микроорганизмдерге бактерияларға қарсы әсер етеді. Ол сондай-ақ дерматофиттер мен зеңдерге қатысты микозға қарсы әсерге ие. Ол кейбір липофильді вирустардың (мысалы тұмау вирусы, герпес вирусы, АИТВ) инфекциялық белсенділігін жылдам бөгейді.
Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге бұл препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Препарат құрамында сорбитол бар, сондықтан оны қант диабеті бар пациенттерге қолдануға болады.
Балаларда қолдану
Ангал® препаратты 5 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Деректер жоқ
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ
Уыттылықтың белгілері жүктілік кезіндегі фармакокинетиканың және/немесе фармакодинамиканың лидокаиніне байланысты болуы мүмкін. Жүкті әйелдерге хлоргексидинді қолдану бойынша қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген.
Лидокаин метаболиттері емшек сүтіне өтеді, бірақ нәрестелерде лидокаин препараттарын қолданумен байланысты жанама әсерлер байқалмаған. Хлоргексидиннің емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз.
Алайда жүкті және емізетін әйелдерге Ангал® препаратын қолдану ұсынылады, егер емдеудің күтілетін пайдасы ықтимал қауіптен асып түсcе.
Лидокаин мен хлоргексидиннің репродуктивті функцияға әсері туралы мәліметтер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автомобильді немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару мүмкіндігіне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Лидокаин CYP1A2 бауыр ферментінің жалпыға белгілі тежегіші, аз дәрежеде 2D6 және 3A4 изоферменттерінің тежегіші болып табылады, бірақ ұсынылған шамада қолданғанда осы ферменттермен өзара әрекеттесуі клиникалық тұрғыдан мардымсыз.
Ангал® пастилкаларын холинестераза тежегіштерімен (яғни, неостигминмен, дистигминмен, пиридостигминмен) және миастенияны емдеуге арналған басқа да дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Ангал® пастилкаларын қолдану барысында пациенттерге бір мезгілде жергілікті әсер ететін басқа антисептикалық препараттарды пайдалану ұсынылмайды. Бұған жергілікті қолдануға арналған Ангал® С спрейі қосылмайды, оның құрамына да пастилкалар құрамындағы секілді, хлоргексидин мен лидокаин де кіреді. Бұл жағдайда пастилкалардың бір реттік дозасы спрейдің бір реттік дозаларымен алмастырылады.
Пациенттер спрей мен пастилкаларды үйлестіре отырып, препарат қабылдаудың тәуліктік дозасын жоғарылатпауы тиіс.
5 жасқа дейінгі балаларда спрей мен пастилкалар біріктірілімін қолдану ұсынылмайды.
Хлоргексидин аниондық беткейлік белсенді заттармен (мысалы, натрий лаурилсульфаты) және кейбір тіс пасталарында жиі болатын заттармен (мысалы, альгинаттер, трагакант) үйлеспейді. Препаратты қабылдау мен тіс пастасын пайдалану арасындағы уақыт аралығы 30 минуттан кем болмауы тиіс.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.