Пиразолон туындысы метамизолдың сирек кездесетін, бірақ өмірге қауіпті шок және агранулоцитоз қаупі.
Натрий метамизолын қолдануға жауап ретінде анафилактоидты реакциялар пайда болатын пациенттер басқа да есірткілік емес анальгетиктерді қолдануға жауап ретінде олардың даму қаупіне ұшырауға бейім.
Натрий метамизолын қолдануға жауап ретінде анафилаксиялық немесе басқа иммунитетке байланысты реакциялар (мысалы, агранулоцитоз) пайда болатын пациенттер де басқа пиразолондар мен пиразолидиндерді қолдануға жауап ретінде олардың даму қаупіне ұшырауға бейім.
Басқа пиразолондарға, пиразолидиндерге немесе басқа да есірткілік емес анальгетиктерге анафилаксиялық немесе басқа иммунитеттік реакциясы бар пациенттер де анальгинге сәйкес реакцияның жоғары қаупіне бейім болады.
Агранулоцитоз
Шеткері қандағы нейтрофилдер саны 1500/мм3 кем төмендегенде дереу дәрігерге қаралу және натрий метамизолын тоқтату қажет, әрі қарай, қан талдауын ол қалыпқа келгенше бақылау керек.
Натрий метамизолын қабылдау аясында агранулоцитоздың дамуы мүмкін. Ол өте сирек туындайды, кем дегенде бір аптаға созылады, дозаға байланыссыз, ауыр болуы, өмірге қауіп төндіруі мүмкін және кейбір жағдайларда өлімге әкеледі. Пациенттерге осы препаратты қолдануды дереу тоқтатып, жалпы жағдайдың күрт нашарлауы, дене температураның үнемі себепсіз көтерілуі, қызба, қалтырау, тамақтың ауыруы, жұтынудың қиындауы, стоматит, ауыз қуысының, мұрынның, тамақтың және жыныс мүшелері аумағының немесе анустың эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы сияқты симптомдар анықталған кезде дәрігерге қаралу ұсынылады. Әрі қарай, қан талдауын бақылау керек (толық қан талдауын қоса). Талдау нәтижесін күтпей емдеуді дереу тоқтату керек.
Тромбоцитопения
Егер теріде және шырышты қабықтарда тромбоцитопения белгілері пайда болса, мысалы, қан кетуге және петехияға жоғары бейімділік, анальгин қолдануды дереу тоқтату және одан әрі қан талдауын (толық қан талдауын қоса) бақылау қажет. Талдау нәтижесін күтпестен емдеуді тоқтату керек.
Панцитопения
Панцитопения дамығанда емдеу дереу тоқтатылып, әрі қарай қан талдауы қалпына келгенге дейін бақылануы тиіс. Пациент егер емдеу кезінде қанның патологиялық өзгерістерін айғақтайтын белгілер мен симптомдар (мысалы, жалпы дімкәстік, инфекция, тұрақты қызба, қанталаулар, қан кету, бозару) пайда болса, дәрігерге көріну қажеттігі туралы хабардар етілуі тиіс.
Анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялар
Препаратты енгізу тәсілін таңдау кезінде парентеральді енгізу анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялардың пайда болу қаупінің жоғары болуымен байланысты екенін ескеру керек. Натрий метамизолына аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму қаупінің жоғарылауы келесі жағдайларға байланысты болуы мүмкін:
• анальгетиктерге демікпе синдромымен немесе ангионевроздық
ісінумен .
• анальгетикалық бронх демікпесі, әсіресе қатарлас полипозды риносинуситпен
• созылмалы есекжем
• бояғыштар (мысалы, тартразинге) немесе консерванттар (мысалы, бензоатқа) жағымсыздығы немесе жоғары сезімталдық.
• алкоголь жағымсыздығы (алкогольге жоғары сезімталдық), тіпті кейбір алкогольді сусындардың аздаған мөлшерін қабылдағанда да. Пациенттерде түшкіру, көзден жас ағуы және беттің айқын қызаруы байқалады. Алкоголь жағымсыздығы бұрын анықталмаған аспирин демікпесі синдромын көрсетуі мүмкін
Анафилаксиялық реакциялар
Бейімділігі бар пациенттерде анафилаксиялық шок пайда болуы мүмкін, сондықтан демікпесі немесе атопиясы бар пациенттерге натрий метамизолын сақтықпен тағайындау керек.
Натрий метамизолын қолданар алдында пациенттен сауалнаманы мұқият алу қажет. Анафилактоидтық реакцияның даму қаупі анықталған жағдайда қаупі/пайдасының арақатынасын анықтағаннан кейін ғана қабылдау мүмкін болады .
Аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму қаупі жоғары пациенттерде натрий метамизолын қолданған жағдайда олардың жай-күйін қатаң медициналық бақылау және анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялар дамыған жағдайда оларға шұғыл көмек көрсету үшін құралдардың болуы қажет.
Ауыр тері реакциялары
Натрий метамизолын пайдалану кезінде Стивенс-Джонсон синдромын (SJS), уытты эпидермальді некролизді (TEN) және DRESS-синдромын сияқты (бөртпе, эозинофилия және жүйелік симптомдары бар дәрілік затқа реакция) өмірге қауіпті тері реакциялары тіркелді. Бұл жағымсыз реакциялар өмірге қауіпті болуы ықтимал, оның ішінде өліммен аяқталуына әкелуі мүмкін.
Стивенс-Джонсон синдромының немесе уытты эпидермалық некролиздің симптомдары немесе белгілері (мысалы, терідегі үдемелі, көбінесе күлбіреуіктермен жүретін бөртпе немее шырышты қабықтардың зақымданулары) пайда болған жағдайда, метамизол натриймен емдеуді дереу тоқтату қажет және ешбір жағдайда қаййтадан енгізілмейді. Пациенттер белгілері мен симптомдарынан хабардар болуы және тері тарапынан өзгерістерді, әсіресе, емдеудің алғашқы апталарында мұқият қадағалауы тиіс.
Бауырдың дәрілерге байланысты зақымдануы
Метамизол қабылдаған пациенттерде негізінен гепатоцеллюлярлық симптоматикасы болған және емдеу басталғаннан кейін бірнеше күн немесе бірнеше ай ішінде туындаған жедел гепатит жағдайлары тіркелді. Белгілері мен симптомдары жиі түрде дәрілерге аса жоғары сезімталдықтың басқа реакцияларымен (мысалы, бөртпе, қан көрсеткіштерінің өзгеруі, қызба және эозинофилия) бірге немесе аутоиммунды гепатит белгілерімен қатарлас жүретін, сарғаюмен немесе онсыз қан сарысуындағы бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылауы болды.
Пациенттердің көпшілігі метамизолмен емдеуді тоқтатқаннан кейін сауықты. Алайда, жеке-дара жағдайларда бауыр трансплантациясы қажеттілігі болатын жедел бауыр жеткіліксіздігіне дейін өршуі туралы хабарланды.
Метамизолмен байланысты бауырдың зақымдану механизмі анықталмаған.
Алайда, деректер иммундық-аллергиялық механизмнің болуын көрсетеді.
Пациенттер бауырдың зақымдануын көрсететін симптомдар пайда болған жағдайда дәрігерге қаралуы керек. Мұндай пациенттерде метамизолмен емдеуді тоқтату керек және бауыр функциясы тексерілуі тиіс.
Егер алдыңғы ем кезінде бауыр функциясының бұзылуы болса, метамизолды қайта тағайындауға болмайды.
Оқшауланған гипотензивті реакциялар
Метамизолды қабылдау гипотензивті реакцияларға әкелуі мүмкін. Бұл реакциялар дозаға тәуелді болуы мүмкін. Әдетте бұл реакциялар пероральді қабылдауға қарағанда, парентеральді енгізу кезінде пайда болады. Мұндай реакциялар қаупін болдырмау үшін:
• венаішілік инъекцияны баяу енгізу керек
• алдыңғы гипотензиясы, сусыздануы немесе дегидратациясы, тұрақсыз артериялық қысымы бар немесе қан айналымының бастапқы жеткіліксіздігі бар пациенттерде гемодинамиканы қалпына келтіру (мысалы жүрегінің ұстамасы немесе көп түрлі жарақаты бар пациенттерде)
• температурасы жоғары пациенттерді бақылау керек
Мұндай пациенттерде мұқият тексеру және дұрыс бақылау қажет. Гипотензивті реакциялар қаупін азайту үшін алдын-алу шаралары (мысалы, қан айналымын тұрақтандыру) қажет болуы мүмкін.
Анальгин қан қысымын төмендетуден аулақ болу керек пациенттерде, мысалы, ауыр ишемиялық жүрек ауруы немесе ми тамырларының стенозы кезінде гемодинамика параметрлерін мұқият бақылаумен ғана тағайындалуы керек.
Анальгинді бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде пайда/қауіп арақатынасын және тиісті сақтық шараларын айқындағаннан кейін ғана қолдану керек .
Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде натрий метамизолының шығарылу жылдамдығының төмендеуіне байланысты оны жоғары дозаларда қабылдаудан аулақ болу ұсынылады.
Егер анальгин сияқты пиразол туындыларын қабылдағаннан кейін қызба төмендемесе немесе шырышты қабықтарда, әсіресе аузында, мұрнында немесе тамақта жаңа немесе ауыратын ойылған жаралар пайда болса, басқа ауырсынуды басатын немесе ыстық түсіретін препараттарды қолданбай, препаратты дереу тоқтату керек.
Бұл әдетте 2-ден 3 аптаға дейін созылады, оның барысында кең ауқымдағы антибиотиктер мен антимикотиктерді тағайындау қажет. Кейде несептің қызылға боялуы байқалады: клиникалық маңызы жоқ және бұл бүйрек арқылы улы емес метаболиттің (рубазон қышқылы) шығарылуымен байланысты.
Арнайы ескертулер
Бұл препараттың 1 ампуласының ішінде 3 ммоль (немесе 69 мг) натрий бар.Натрий қабылдауы шектелген диетада жүрген пациенттер ескеруі керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұсынылған дозалар диапазоны концентрацияға және реакция жылдамдығына ықпал етпейді. Жоғары дозаларды қабылдаған кезде сақтық шарасы ретінде машиналарды, көлік құралдарын жүргізуден немесе басқа қауіпті қызмет түрлерінен аулақ болу керек. Бұл, атап айтқанда, алкогольмен біріктіруге қатысты.