Амитриптилин басқа трициклді антидепрессанттар сияқты жағымсыз әсерлер туындатуы мүмкін. Төменде көрсетілген кейбір жағымсыз әсерлердің, мысалы, бас ауыруы, тремор, зейін қоюдың бұзылуы, іштің қатуы және либидо төмендеуі депрессия симптомдары болуы да мүмкін және әдетте депрессиялық жағдайы жақсарған кезде бәсеңдейді.
Амитриптилинді қолданғанда өмірге қауіп төндіруі немесе өлімге соқтыруы мүмкін, дәрілік заттар индукциялаған, жүйелі симптомдармен жүретін эозинофилияны (DRESS) қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (ТАЖР) туралы мәлімделді («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Өте жиі
- озбырлық
- сомноленция жай-күйі, тремор, бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық, сөйлеудің бұзылуы (дизартрия)
- аккомодация бұзылыстары
- жүрек соғуының күшеюі, тахикардия
- ортостаздық гипотензия
- ауыздың құрғауы, іш қату, жүрек айнуы
- мұрын бітелуі
- гипергидроз
- дене салмағының жоғарылауы
Жиі
- сананың шатасуы, либидо төмендеуі, қозу
- зейін қою бұзылысы, дисгевзия, парестезия, атаксия
- мидриаз
- атриовентрикулярлық блокада, Гис тармағы шоғырының бөгелісі
- несеп шығарудың бұзылуы
- қажу, шөлдеуді сезіну
- эректильді дисфункция
- ЭКГ өзгерістері, ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы, ЭКГ-да QRS кешенің алшақтануы, гипонатриемия
Жиі емес
- гипомания, мания, мазасыздық, ұйқысыздық, түнгі шым-шытырық түстер
- құрысулар
- құлақтағы шуыл
- коллапс, үдемелі жүрек жеткіліксіздігі
- гипертензия
- диарея, құсу, тілдің ісінуі
- бауыр жеткіліксіздігі (мысалы, бауырдың холестаздық ауруы)
- бөрту, есекжем, беттің ісінуі
- несептің іркілуі
- галакторея
- көзішілік қысымның жоғарылауы
Сирек
- агранулоцитозды, эозинофилияны, лейкопенияны, тромбоцитопенияны қоса, сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі
- тәбеттің төмендеуі
- делирий (егде жастағы пациенттерде), елестеулер, суицидтік ойлар және мінез-құлық*
- аритмиялар
- сілекей бездерінің гипертрофиясы, ішектің салданумен бітелуі
- сарғаю
- алопеция, фотосезімталдық реакциясы
- гинекомастия
- пирексия
- дене салмағының азаюы, бауыр сынамаларының нормадан ауытқуы, қанда сілтілік фосфатаза мөлшерінің жоғарылауы, трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы
Өте сирек
- акатизия, полинейропатия
- жедел глаукома
- кардиомиопатия, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия
- өкпе альвеоласы және сәйкесінше тіндердің аллергиялық қабынуы (альвеолит, Леффлер синдромы)
Белгісіз
- қандағы қант деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі, анорексия
- паранойя
- экстрапирамидалық бұзылыстар
- көздің құрғауы
- сезімталдығы аса жоғары миокардит
- гипертермия
- асқазан жайсыздануы, стоматит
- гепатит
- прурит
- дәрілік заттар индукцияланған, жүйелі симптомдарымен жүретін эозинофилия (DRESS-синдром)
* – Суицидтік ойлардың немесе мінез-құлықтың жағдайлары туралы емдеу кезінде немесе амитриптилинмен емдеу аяқталғаннан кейін дереу хабарланған.
50 жас және одан асқан жастағы пациенттерде негізінен жүргізілетін эпидемиологиялық зерттеулер, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерін және трициклді антидепрессанттар қабылдайтын пациенттерде сүйек сынуының жоғары қаупін көрсетеді. Бұл қауіптің дамуының механизмі белгісіз.
Тоқтату синдромы
Трициклді антидепрессанттарды тоқтатумен байланысты симптомдарға, әсіресе ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін, жүрек айнуы сияқты асқазан-ішек бұзылыстары; мысалы, дімкәстік, қалтырау, бас ауыруы және қатты терлеу; ашушаңдық, мазасыздық, үрейлену және қозу; ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық және анық түстер көру); паркинсонизм немесе акатизия; гипомания немесе мания (трициклді антидепрессанттармен ұзақ емдеуді тоқтатқаннан кейін 2-7 күн ішінде сирек кездесетін жағдайлар туралы хабарланған); жүрек соғысы аритмиясы сияқты жалпы соматикалық симптомдар қатысты. Бұл симптомдар тәуелділікті көрсетпейді.
Жүктіліктің соңғы триместрінде аналары трициклді антидепрессанттарды қабылдаған жаңа туған нәрестелерде тоқтату симптомдары, тыныс алу бәсеңдеуі және қозу сияқты жағымсыз реакциялар туралы хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz