Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки
Дозировка
30 мг
Торговое наименование
Амброксол гидрохлориді
Действующее вещество
Амброксол
Назначение
Секрецияның бұзылуымен және қақырықтың шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емінде
Производитель
Лекхим-Харьков
Страна
Украина
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 30 мг амброксол гидрохлориді,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), микрокристалды целлюлоза.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе сарғыштау реңді ақ түсті таблеткалар.
Секрецияның бұзылуымен және қақырықтың шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емінде.
Әсер ету механизмі
Амброксол орын алмасқан бензиламин және бромгексин метаболиті болып табылады. Ол бромгексиннен метил тобының болмауымен және циклогексил сақинасының өтпелі тасымалдауында гидроксил тобының болуымен ерекшеленеді.
Препараттың әсер етуші заты – амброксол гидрохлориді - тыныс алу жолдары бездерінің секрециясын арттыратыны дәлелденді. Амброксол альвеолалар мен бронхиолада Клара жасушаларында ІІ типті пневмоцитке тікелей әсер ету жолымен өкпе сурфактантының бөлінуін күшейтеді, сондай-ақ цилиарлық белсенділікті стимуляциялайды, соның салдарынан шырыштың бөлінуі және оның шығарылуы жеңілдейді (мукоцилиарлық клиренс).
Сұйықтық секрециясын белсендіру және мукоцилиарлы клиренстің жоғарылауы шырышты шығаруды оңайлатады және жөтелді жеңілдетеді.
Амброксол гидрохлоридінің жергілікті анестетикалық әсері қоян көзінің моделінде байқалды, оны натрий өзекшесін бөгеу қасиеттерімен түсіндіруге болады. In vitro зерттеулері амброксол гидрохлоридінің нейрондық натрий өзекшесін бөгейтінін көрсетті; байланысу қайтымды және концентрацияға тәуелді болды.
Амброксол гидрохлориді in vitro қабынуға қарсы әсерін көрсетті. Осылайша, амброксол гидрохлориді қан мен тіндердің мононуклеарлы және полиморфты нуклеарлы жасушаларынан цитокиннің босап шығарылуын елеулі азайтады.
Фарингиті бар пациенттерде жүргізілген клиникалық зерттеулер нәтижесінде препаратты қолдану кезінде тамақтың ауыруы мен қызаруының айтарлықтай азаюы расталған.
Амброксолдың фармакологиялық қасиеттеріне байланысты жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларын емдеу кезінде ауырсыну тез жеңілдеді, бұл амброксолдың ингаляциялық түрлерінің клиникалық тиімділігін зерттеу барысында байқалды
Амброксол гидрохлоридін қолдану бронх-өкпе секретінде және қақырықта антибиотиктердің (амоксициллин, цефуроксим, эритромицин және доксициклин) концентрациясын арттырады.
Дозалану режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: алғашқы 2-3 күнде тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан (күніне 90 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы), ары қарай тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан.
Қажет болған жағдайда, емдік әсерін күшейту үшін, тәулігіне 2 рет 2 таблеткадан тағайындауға болады (күніне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес.
Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттер
Бүйректіңдекомпенсацияланғанжеткіліксіздігібар пациенттерге препаратты тек дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану көрсетілген.
Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер
Амброксол бауырда метаболизденетін және бүйрек арқылы шығарылатын кез-келген белсенді зат сияқты, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде бауырда метаболиттерінің жинақталуын туғызуы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 12 жасқа дейінгі балалаға қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Таблеткаларды ас ішуге байланыссыз, сұйықтықтың (мысалы, су, шай немесе жеміс шырынының) жеткілікті мөлшерімен ішке қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Қабылдау ұзақтығы шектелмеген, бірақ препаратты дәрігердің кеңесінсіз
4-5 күннен артық қабылдамау керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар
Ұмытылып кеткен дозасының орнын толтыру үшін қосарлы дозасын қабылдамаңыз.
- амброксолгидрохлоридіне немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
• жүктілік (I триместрі) және лактация кезеңі
• фенилкетонурия
• 12 жасқа дейінгі балаларға
• сирек тұқым қуалайтын галактоза жағымсыздығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы
Жағымсыз реакциялардың жиілігін анықтау: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиі
• жүрек айнуы
Жиі емес
• құсу, диарея, диспепсия, іш ауыруы
- қызба, шырышты қабықтың жергілікті реакциялары
Сирек
- аса жоғары сезімталдық реакциялары
• бөртпе, есекжем
Өте сирек
• сілекей бөлінуінің жоғарылауы
Жиілігі белгісіз
- анафилаксиялықреакциялар, анафилаксиялықшокты қоса, ангионевроздық ісіну және қышыну
- басқа аллергиялық реакциялар, эритема, терінің ауыр зақымданулары: Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы) бен жедел жайылған экзантематозды пустулез
• ентігу (аса жоғары сезімталдық реакциясының симптомы ретінде).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалықбақылаукомитеті «Дәрілікзаттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Байқаусызда немесе дәрілерді араластырғандағы артық дозалануы кезінде байқалатын симптомдар ұсынылған дозасын пайдаланғанда туындауы мүмкін жағымсыз реакцияларға сәйкес келеді және симптоматикалық емді қажет етуі мүмкін.
Терінің ауыр зақымдануы туралы хабарламалар бар: Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), мультиформалы эритема, амброксол гидрохлориді сияқты қақырық түсіретін дәрілерді қолдануға байланысты жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП).
Негізінде оларды пациенттердегі негізгі аурудың ауырлығымен және басқа препаратты бір уақытта қолданумен түсіндіруге болады.
Сондықтан терінің немесе шырышты қабықтардың жаңа зақымдануы пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгініп және амброксол гидрохлоридімен емдеуді тоқтату керек.
Амброксол гидрохлориді таблеткаларының құрамында лактоза бар, сондықтан препаратты сирек тұқым қуалайтын галактоза жағымсыздығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактоза сіңуінің бұзылуы бар пациенттерге қабылдауға болмайды.
Амброксол шырыш секрециясын күшейте алатындықтан, Амброксол гидрохлориді препаратын, таблеткаларды бронх моторикасы бұзылған және шырыш секрециясы күшейген кезде (мысалы, бастапқы цилиарлы дискинезия сияқты сирек ауру кезінде) сақтықпен қолдану керек.
Бүйрек функциясы бұзылған немесе ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге Амброксол гидрохлориді таблеткаларын тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана қабылдау керек. Бауырда метаболизденетін, кейін бүйрекпен шығарылатын қандай да бір әсер ететін зат ретінде амброксолды қолданғанда, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бауырда түзілетін метаболиттердің жинақталуы жүреді.
Арнайы сақтандырулар
Лактоза
Препараттың құрамында лактоза бар, сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза, галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы керек.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Амброксол гидрохлориді плаценталық бөгет арқылы өтеді.
Препаратты жүктіліктің II және III триместрлерінде пайдасы/қаупі арақатынасын емдеуші дәрігермен мұқият талдағаннан кейін қолдануға болады. Препаратты жүктіліктің I триместрі кезінде қолдануға болмайды. Амброксол гидрохлориді емшек сүтімен бөлініп шығады, сондықтан бала емізу кезеңінде препаратты қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автомобиль немесе механизмдерді басқару қабілетіне ықпал еткен жағдайлары туралы хабарламалар болған жоқ
Жөтелге қарсы дәрілік заттармен бірге қолдану жөтелдің азаюы аясында қақырықтың түсуінің қиындауына алып келеді.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.