Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, диспергируемые в полости рта
Дозировка
10 мг
Торговое наименование
Аллергастин
Действующее вещество
Эбастин
Назначение
Маусымдық және көпжылдық аллергиялық ринитті немесе ринитпен байланысты емес аллергиялық конъюнктивитті симптоматикалық емдеу
Производитель
ЛАБОРАТОРИОС НОРМОН, С.А.
Страна
Испания
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат- 10 немесе 20 мг эбастин,
қосымша заттар: Pearlitol flash*, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты, гидроксипропилцеллюлоза, макрогол 6000, коллоидты кремнийдің қостотығы, глицерол моностеараты, Тутти фрутти эссенциясы **, натрий сахарині, магний стеараты.
*80 % маннитол және 20 % жүгері крахмалы
** жүгері мальтодекстрині, дәмдік заттар (бензил спирті, ванилин, изоамилацетат, аллил гексонат, цитраль, гераниол) пропилен гликоль, хош иістендіргіштер (цитрус майларынан жасалған лимолен) және альфа-токоферол
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Тегіс беткейлі ақ немесе ақ дерлік түсті, дөңгелек пішінді таблеткалар (10 мг және 20 мг дозалар үшін)
- маусымдық және көпжылдық аллергиялық ринитті немесе ринитпен байланысты емес аллергиялық конъюнктивитті симптоматикалық емдеу
- идиопатиялық созылмалы есекжем
- аллергиялық дерматит.
Әсер ету механизмі
Эбастин ұзақ әсер ететін Н1-гистаминді рецепторлардың блокаторы болып табылады, антихолинергиялық әсер көрсетпейді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Тері сынамалары эбастинді қабылдағаннан кейін 1 сағаттан кейін басталатын, ұзақтығы 24 сағаттан асатын статистикалық және клиникалық маңызы бар антигистаминді әсерді анықтады. Эбастиннің жүрекке әсерін зерттейтін арнайы зерттеулерде дені сау еріктілер ұсынылған дозаларды қолданғаннан кейін, QT аралығының ұзаруы немесе жүрек тарапынан басқа да жағымсыз әсерлер байқалмады.
Эбастин 60 мг-ға дейін күнделікті артық дозаланғанда QTc аралығына әсері байқалған жоқ. Күніне 100 мг артық дозалануы статистикалық маңызды, бірақ клиникалық елеусіз 10 мс (2,7%) ұлғаюына алып келді.
Дозалау режимі
Аллергиялық ринит/риноконъюнктивит
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға – тәулігіне бір рет 10 мг-нан, ауыр түрлерінде – тәулігіне бір рет 20 мг.
Есекжем: 18 жастан асқан ересектерге – тәулігіне бір рет 10 мг-нан.
Енгізу әдісі мен жолы
Аллергастинді ас ішуге қарамастан қабылдауға болады.
- эбастинге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық.
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
Өте жиі
- бас ауыруы.
Жиі
- ұйқышылдық, ауыздың құрғауы.
Жиі емес
-мұрыннан қан кету, жұтқыншақтың шырышты қабығының және лимфа тінінің қабынуы, мұрын шырышының қабынуы.
Сирек
-аллергиялық реакциялар (мысалы, дереу түрдегі аллергиялық реакциялар, аллергенді қайта енгізген кезде организмнің сезімталдығының күрт жоғарылауы жағдайы, терінің және теріасты тіндерінің терең қабаттарының тығыз, асимметриялы, ауыртпалықсыз ісінуі)
- күйгелектік, ұйқысыздық, бас айналу, тітіркендіргіштерге терінің төмен сезімталдығы, ауыздың тұрақты темір татуы немесе қышқыл дәм сезу түрінде көрініс беретін дәм сезу бұзылыстары
- жүрек соғуы, жүректің жиі соғуы
-іштің ауыруы, құсу, жүрек айнуы, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы немесе жайсыздығы
-бауырдың қабынуы, өт шығарудың төмендеуі немесе тоқтауы, бауыр ферменттері деңгейінің бұзылуы (трансаминаза, гамма-ГТ, сілтілі фосфатаза және билирубин деңгейлерінің жоғарылауы)
- күйіктен болатын күлдіреуіктерге ұқсайтын тез өршитін, қатты қышитын, терідегі бозғылт-қызғылт күлдіреуіктер, бөртпе, аллергендерден немесе тітіркендіргіш заттардан туындаған терінің жедел қабынуы
- етеккір оралымының бұзылуы
- ісінулер, созылмалы шаршау синдромы.
Өте сирек
- тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық
- тері бөртпелері, қышынумен тері аурулары
- етеккір оралымының бұзылуы.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- тәбеттің жоғарылауы, салмақтың артуы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: күніне бір рет 100 мг-ға дейінгі үлкен дозаларды қолданған кезде клиникалық маңызды симптомдар байқалған жоқ. Артық дозалануы босаңсыған жай-күй, ауыздың құрғап кетуі, көрудің бұлыңғырлануы, бас айналу, ұйқышылдық, сананың шатасуы қаупін арттыруы мүмкін.
Емі: спецификалық антидот белгісіз. Артық дозаланған жағдайда, тез арада дәрігерге қаралу керек, өйткені асқазанды шаю, ЭКГ-ны қоса, организмнің өмірлік маңызды функцияларын бақылау, сондай-ақ симптоматикалық ем жүргізу қажет, әсіресе егер симптомдар орталық жүйке жүйесі тарапынан байқалса.
Аллергастинді тез әсер етуді қажет ететін жедел аллергиялық жағдайларда қолдануға болмайды.
Бауыр функциясының ауыр бұзылуында тәуліктік доза 10 мг аспауы тиіс.
Арнайы ескертулер
Препаратты ЭКГ-де QT аралығының ұзаруы кезінде, қандағы калий төмендеген кезде сақтықпен қолдану керек.
Ықтималды дәрілік өзара әрекеттесулерге байланысты зеңге қарсы препараттармен (кетоконазолмен, итраконазолмен), эритромицинмен, рифампицинмен бір мезгілде қолданғанда сақ болу қажет.
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі кезінде Аллергастинді сақтықпен қолдану қажет. Бауыр функциясы ауыр бұзылғанда тәуліктік доза 10 мг аспауы тиіс.
Препараттың емдік әсері қолданғаннан кейін 1-3 сағаттан кейін көрініс береді, сондықтан тез әсер етуді талап ететін жедел аллергиялық жағдайларда Аллергастинді қолдануға болмайды.
Аллергастин терінің аллергиялық сынамаларының нәтижелерін бұрмалауы мүмкін, сондықтан мұндай сынамаларды препаратты тоқтатқаннан кейін 5-7 күн өткен соң жүргізу ұсынылады.
Аллергастин препаратының құрамында 1,0 мг (таблеткада 10 мг) немесе 2,0 мг (таблеткада 20 мг) натрий сахарині бар, оны тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы немесе глюкоза/галактоза және мальтодекстрин мен маннитол сіңуінің бұзылуы бар пациенттерге қолдануға болмайды, ол орташа әлсірететін әсер көрсетеді.
Педиатрияда қолдану: 12 жастан кіші балаларда Аллергастин қолдану туралы деректер жоқ.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автомобильді басқару немесе қозғалыстағы жабдықпен жұмыс жүргізу қабілетіне әсер ету анықталған жоқ, алайда сезімтал пациенттерде ұйқышылдық пен бас айналудың даму мүмкіндігін ескере отырып, қызметтің осы түрлерін жүргізу басталғанға дейін адамның жеке реакциясын білу қажет.
Препаратты жүкті әйелдерде қолдану бойынша шектеулі деректер бар, сондықтан жүктілік кезінде Аллергастин препаратын қолданудан аулақ болу ұсынылады.
Белсенді затты организмнен ана сүтімен шығару мүмкіндігі туралы деректер жоқ, сондықтан Аллергастин препаратын баланы емізу кезеңінде қолданудан аулақ болу ұсынылады.
Кетоконазол, интраконазол, эритромицин: Аллергастин әсерін күшейтуі мүмкін.
Рифампицин: Аллергастиннің аллергияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін.
Теофиллин, варфарин, циметидин, диазепам, алкоголь, тамақпен бір мезгілде қабылдау: препараттың әсеріне ықпал етпейді.
Басқа антигистаминді препараттар: олардың әсерін күшейту мүмкін.
Сақтау мерзімі
Сақтау мерзімі 3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.