Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для инъекций
Дозировка
1 мл
Торговое наименование
АЛФЛУТОП
Действующее вещество
Другие препараты для лечения заболеваний костно-мышечной системы
Назначение
Орналасуы әр түрлі, бастапқы және салдарлы остеоартрит кезінде (оның ішінде коксартроз, гонартроз, шағын буындардың артрозы)
Производитель
К.О. Биотехнос С.А.
Страна
Румыния
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл бір ампуланың ішінде
белсенді зат – 0,1 мл майда теңіз балықтарының биобелсенді концентраты,
қосымша заттар – фенол, инъекцияға арналған су 1 мл-ге дейін.
2 мл бір ампуланың ішінде
белсенді зат – 0,2 мл майда теңіз балықтарының биобелсенді концентраты,
қосымша заттар – фенол, инъекцияға арналған су 2 мл-ге дейін.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақшыл-сарыдан ақшыл-қоңыр түске дейінгі мөлдір ерітінді.
АЛФЛУТОП дәрілік препараты ересектерде келесі жағдайларда қолданылады:
- орналасуы әр түрлі, бастапқы және салдарлы остеоартрит кезінде (оның ішінде коксартроз, гонартроз, шағын буындардың артрозы)
- остеохондрозда
- спондилезде
АЛФЛУТОП – шығу тегі биологиялық препарат, хондропротектор, оның белсенді компоненті майда теңіз балықтарының биобелсенді концентраты болып табылады. Концентраттың құрамында гликозаминогликандар (гиалурон қышқылы, хондроитин-6-сульфат, хондроитин-4-сульфат, дерматан сульфат, кератан сульфат; аминқышқылдары), молекулалық салмағы 50000 дальтон полипептидтер, макро- және микроэлементтер (натрий, калий, кальций, магний, темір, мырыш, мыс) бар. Препарат шеміршек тініндегі зат алмасуды реттейді: гиалуронидаза мен басқа да ферменттердің белсенділігін бәсеңдетудің негізінде хондропротекторлық әсер береді, және гиалурон қышқылы мен ІІ типті коллагеннің биосинтезін қалыпқа келтіреді. АЛФЛУТОП интерстициальді тін мен буын шеміршегі тінінің қалпына келу үдерістерін стимуляциялайды, қабынуға қарсы цитокиндерді қоса, қабыну медиаторларының биосинтезін тежейді.
Қабынуға қарсы және ауырғанды басатын айқын әсері емделудің 8-10 күндері көрініс береді.
Дозалау режимі
Ересектерге
Остеоартроз және остеохондроз кезінде препаратты бұлшықет ішіне терең енгізеді:
• күніне 1 мл-ден, емделу курсы 20 инъекцияны құрайды (20 күн бойы күніне 1 инъекциядан)
немесе
• күнара 2 мл-ден, емделу курсы 10 инъекцияны құрайды (20 күн бойы күнара 1 инъекциядан).
Көбінесе ірі буындар зақымдалған жағдайда, препаратты дәрігердің қадағалауымен, әр буынға 3 күн аралықпен 1-2 мл-ден буын ішіне енгізеді.
Барлық емдеу курсы әр буынға 5 инъекцияны құрайды.
Буын ішіне және бұлшықет ішіне енгізу әдістерін біріктіруге болады.
Емдеу курсын дәрігердің кеңесі бойынша 6 айдан соң қайталаған дұрыс.
Енгізу әдісі мен жолы
Бұлшықет ішіне. Буын ішіне.
- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Жағымсыз құбылыстар ағзалар жүйелері мен даму жиілігіне сәйкес берілген: жиі – 1%-дан 10%-ға дейін; жиі емес – 0,1%-дан 1%-ға дейін; сирек – 0,01%-дан 0,1%-ға дейін; өте сирек – 0,01%-дан аз.
Сирек
- қышынумен жүретін дерматит, препарат енгізілген орындағы терінің қызаруы және ашыту сезімі
- қысқа мерзімді миалгиялар
- қан қысымының жоғарылауы
Өте сирек
- анафилаксиялық реакциялар дамуы мүмкін
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
- буынішілік инъекциялары кезінде ауырсыну синдромы өтпелі күшеюі мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Арнайы сақтандырулар
Препарат аутоиммундық аурулар (ревматоидтық полиартрит, шорбуынданатын спондилит, эритематоз, склеродермия) жағдайларында сақтықпен, қатаң медициналық қадағалаумен қолданылуы тиіс.
Теңіз өнімдерінің (теңіз балығы) жекелей жақпаушылығы жағдайында аллергиялық реакциялардың даму қаупі арта түседі.
Педиатрияда қолдану
Препаратты педиатрияда қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Препаратты жүктілік немесе лактация кезінде қолдануға болмайды.
Анықталған жоқ
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 15 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.