ATХ коды: L01EK01
Әсер ету механизмі
Акситиниб тамырлар эндотелий өсу факторы рецепторларына (VEGFR-1, VEGFR-2 және VEGFR-3) жататын тирозинкиназаның күшті және селективті тежегіші болып табылады. Бұл рецепторлар патологиялық ангиогенез, ісіктің өсу және обырдың метастаздық үдеу механизміне қатысады. Акситинибтің VEGFR-арқылы пролиферацияның және эндотелий жасушалары өміршеңдігінің күшті тежелуін қамтамасыз ететіні көрсетілді. Акситиниб нысананы in vivo экспрессиялайтын ісік ксенотрансплантаттарының тамырларында VEGFR-2 фосфорлануын тежеді және қатерлі жаңа түзілімдердің көптеген эксперименттік үлгілерінде ісіктің өсуін тежеді, регрессиясын туындатты және метастаздануын тежеді.
QT аралығына әсері
Рандомизацияланған, 2-жақты, айқаспалы зерттеуде 35 дені сау қатысушы бір рет акситинибті 7 күн бойы 5 мг дозада жеке қабылдады немесе 400 мг дозадағы кетоконазолмен бірге біріктіріп қабылдады. Осы зерттеудің нәтижелері препаратты 5 мг дозада жоғарлағанын, және акситиниб концентрациясы QT аралығының клиникалық маңызды ұзаруына әкелмейтінін көрсетті.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Акситинибтің қауіпсіздігі мен тиімділігі рандомизацияланған, ашық, көп орталықты 3 фазадағы зерттеуде бағаланды. Жүйелі емнің бірінші желісін (сунитинибті, бевацизумабты, темсиролимусты немесе цитокиндерді қолдану арқылы) жүргізу аясында аурудың үдеуімен байқалатын жайылған БЖК бар пациенттер (N=723) акситиниб (n=361) немесе сорафениб (n=362) қабылдаған топтарға рандомизацияланды (1:1). Бастапқы соңғы нүкте — ауру үдеуінсіз тірі қалу (ҮТҚ) жасырын тәуелсіз орталықтандырылған талдау әдісімен бағаланды. Екінші соңғы нүктелер емдеуге объективті жауаптың жиілігін (ОЖЖ) және жалпы тірі қалуды (ЖТҚ) қамтыды.
Осы зерттеуге қатысқан пациенттердің 389-ы (53,8%) бұрын сунитиниб негізіндегі бір ем алған, 251 пациент (34,7%) бұрын цитокин негізіндегі бір ем (интерлейкин-2 немесе интерферон-альфа), 59 пациент (8,2%) бұрын бевацизумаб негізіндегі бір ем алған, 24 пациент (3,3%) бұрын темсиролимус негізінде бір ем алған. Бастапқы демографиялық сипаттамалар мен аурудың сипаттамалары акситиниб пен сорафениб топтарында жасына, жынысына, нәсіліне, ECOG шкаласы бойынша пациенттің функционалдық жағдайының деңгейіне, географиялық аймаққа және алдыңғы емдеуге қатысты ұқсас болды.
Пациенттердің жалпы популяциясында және екі негізгі қосалқы топта (сунитинибпен осының алдындағы ем алған және цитокинмен осының алдындағы ем) ҮТҚ бастапқы ақырғы нүктесі үшін акситинибтің сорафенибпен салыстырғандағы статистикалық маңызды артықшылығы байқалды (2-кестені және 1, 2 және 3-суреттерді қараңыз). Алған емге байланысты қосалқы топтарда ҮТҚ медианасында айырмашылықтар байқалды. Екі қосалқы топ (осының алдында темсиролимуспен жүргізілген ем және осының алдында бевацизумабпен жүргізілген ем) сенімді нәтижелер беру үшін тым аз болды. Жалпы популяциядағы ЖТҚ көрсеткіші бойынша топтар арасында немесе осының алдындағы емнің қосалқы топтары арасында статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталған жоқ.
2-кесте. Тиімділігін бағалау нәтижелері
Ақырғы нүкте / зерттелетін популяция — Акситиниб — Сорафениб — ҚҚ(95% CА) — Р-мәні
Жалпы ИTT — N=361 — N=362
ҮТҚ медианасы а,в айлар — 6,8 (6,4, 8,3) — 4,7 (4,6, 6,3) — 0,67 (0,56, 0,81) — < 0.0001c
(95% СА)
ЖТҚ медианасы d айлар — 20,1 (16,7, 23,4) — 19,2(17,5,22,3) — 0,97 (0,80, 1,17) — НС
(95% СА)
ОЖЖb, e % (95% СА) — 19,4 (15,4, 23,9) — 9,4 (6,6, 12,9) — 2,06f (1,41, 3,00) — 0,0001g
Сунитинибпен алдыңғы емдеу — N=194 — N=195
ҮТҚ медианасы а,в айлармен берілген — 4,8 (4,5, 6,5) — 3,4 (2,8, 4,7) — 0,74 (0,58, 0,94) — 0,0063h
(95% СА)
ЖТҚ медианасыd айлармен берілген (95% СА) — 15,2 (12,8, 18,3) — 16,5 (13,7, 19,2) — 1,00 (0,78, 1,27) — НС
ОЖЖb, e % (95% СА) — 11,3 (7,2, 16,7) — 7,7 (4,4, 12,4) — 1,48f (0,79, 2,75) — НС
Цитокиндермен алдын ала емдеу — N=126 — N=125
ҮТҚ медианасы а,в айлармен берілген — 12,0 (10,1, 13,9) — 6,6 (6,4, 8,3) — 0,52 (0,38, 0,72) — < 0,0001h
(95% СА)
ЖТҚ медианасы d айлармен берілген (95% СА) — 29.4 (24.5, БЖ) — 27,8(23,1,34,5) — 0,81 (0,56, 1,19) — НС
ОЖЖb, e % (95% СА) — 32,5 (24,5, 41,5) — 13,6 (8,1, 20,9) — 2,39f (1,43- 3,99) — 0,0002i
СА = сенімді аралық; ҚҚ — қауіптер қатынасы (Hazard Ratio) (акситиниб/сорафениб); ITT = ем тағайындалған пациенттердің популяциясы; БЖ – бағалануға ған жоқ; МЕ - статистикалық маңызды емес; ОЖЖ — объективті жауап жиілігі; ЖТҚ— жалпы тірі қалу; ҮТҚ — аурудың үдеуінсіз тірі қалу.
aҚайсысының бұрын басталатындығына байланысты, рандомизациялаудан үдеуге немесе кез келген себептен болатын өлімге дейінгі уақыт. Деректерді жинақтау аяқталған күн: 03 маусым 2011 ж.
bЕмге тығыз ісіктердің жауабын бағалау критерийлеріне сәйкес тәуелсіз рентгенологиялық талдау (RECIST).
сECOG функциялық статусы бойынша стратификацияланған және осының алдындағы емнің логранг критерийі бойынша емдеуді бағалауға арналған біржақты р-мәні.
dДерекқор жабылған күн: 01 қараша 2011 ж.
eДеректерді жинақтау аяқталған күн: 31 тамыз 2010 ж.
fОЖЖ үшін қауіптер қатынасы. Қауіптердің > 1 қатынасы акситиниб тобында жауап ықтималдығының жоғары екендігін көрсетеді; қауіптердің < 1 қатынасы сорафениб тобында жауап ықтималдығының жоғары екендігін көрсетеді.
gECOG функциялық статусы және осының алдындағы ем бойынша стратификацияланған Кохран — Мантель — Гензель критерийі бойынша емді бағалауға арналған біржақты р-мәні.
hECOG функциялық статусы бойынша стратификацияланған логранг критерийі бойынша емді бағалаудың біржақты р-мәні.
iECOG функциялық статусы бойынша стратификацияланған Кохран—Мантель — Гензель критерийі бойынша емдеуді бағалауға арналған біржақты р-мәні.
1-сурет. Жалпы популяциядағы тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша аурудың үдеусіз тірі қалудың Каплан — Мейер қисығы
2-сурет. Осының алдында сунитинибпен ем қабылдаған қосалқы топтағы тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша, аурудың үдеусіз тірі қалудың Каплан — Майер қисығы
3-сурет. Осының алдында цитокинмен ем қабылдаған қосалқы топтағы тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша, аурудың үдеусіз тірі қалудың Каплан — Майер қисығы
Балалар
Дәрілік заттар жөніндегі еуропалық агенттік бүйрек карциномасы мен бүйрек түбекшесін емдеу үшін (нефробластомадан, нефробластоматоздан, ақшыл жасушалы саркомадан, мезобласттық нефромадан, бүйректің милы қабатының жасушаларынан тұратын карциномадан және бүйректің рабдоидты ісігінен басқа) балалар жасындағы пациенттердің барлық қосалқы топтарында акситинибті қолдануды зерттеу нәтижелерін беру міндеттемесінен бас тартты (балалар жасындағы пациенттерде қолдану туралы ақпаратты 4.2-бөлімінен қараңыз).