Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки
Торговое наименование
Агриппин
Действующее вещество
Парацетамол, комбинации с психолептиками
Назначение
Қызбамен қатар жүретін инфекциялық-қабыну ауруларында (ЖРВИ, тұмау)
Производитель
"ПЛП"ЖАНАФАРМ"
Страна
Казахстан
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: парацетамол0,25 г, аскорбин қышқылы 0,15 г, кальций глюконаты 0,05 г, дифенгидрамин гидрохлориді 0,01 г, рутин 0,01 г
Қосымшазаттар: крахмал, аэросил, кальций стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақшыл сары түсті, теңбілдері бар, бір жағында сызығы бар, диаметрі 12 мм жалпақ цилиндрлі таблеткалар.
- қызбамен қатар жүретін инфекциялық-қабыну ауруларында (ЖРВИ, тұмау);
- шығу тегі әртүрлі ауыру синдромында (бас, бұлшықет және буын аурулары) қолдану көрсетілген.
Анальгетиктер. Басқа анальгетиктер және антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол, психолептиктермен біріктірілімдері.
АТХ коды N02BE71
Әсер ету механизмі
Агриппинбіріктірілген дәрілік препарат болып табылады.
Парацетамол ыстықты түсіретін және ауыруды басатын әсерге ие. Есірткілік емес анальгетик, ауыру және термореттеліс орталықтарына әсер ете отырып, көбінесе орталық жүйке жүйесінде циклооксигеназа (ЦОГ) I мен II бөгейді. Қабынған тіндерде жасуша пероксидазалары парацетамолдың ЦОГ ықпалын бейтараптандырады, бұл қабынуға қарсы әсерінің толығымен дерлік болмауымен түсіндіріледі. Парацетамолдың шеткері тіндердегі простагландиндер синтезіне ықпалы өте аз болғандықтан, ол су-электролит алмасуын өзгертпейді және асқазан-ішек жолының шырышты қабығының зақымдануын туғызбайды.
Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздану үдерістерін, көмірсу алмасуы, қан ұюы, тіндердің регенирациясын реттеуде маңызды роль атқарады. Организмнің қарсы күресуінің жоғарылауына ықпал етеді.
Кальций глюконаты аллергияға қарсы, гемостаздық әсер білдіреді, қантамырлардың сынғыштығын және өткізгіштігін азайтады, организмде кальцийдің жетіспеушілігі симптомдары бұлшықет дистрофиясында, миастенияда бұлшықеттердің жиырылуын жақсартады.
Дифенгидрамин- аллергияға қарсы, ісінуге қарсы, жергілікті жансыздандыратын (қантамырларының өткізгіштігін төмендетеді, мұрынның шырышты қабығының ісінуі мен қызаруын басады) әсер білдіретін антигистаминдік дәрі.
Рутин – тұмауда геморрагиялық үдерістермен өзара байланысты қантамырлардың жоғары өткізгіштігі мен сынғыштығының дамуының алдын алады, сондай-ақ капиллярлық қанайналымын қалпына келтіреді.
Дозалану режимі
Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға тамақтан кейін 1-2 таблеткадан күніне 3 рет.6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға тамақтан кейін күніне 3 рет 1 таблеткадан.
Дәрігердің кеңесінсіз қабылдау ұзақтығы ауыруды басатын дәрі ретінде қолдану кезінде 5 күннен және қызуды түсіретін дәрі ретінде 3 күннен аспауы тиіс.
Пациенттердің ерекше топтары
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде препаратты қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 8 сағатты құрау керек.
Балалар
6 жасқа дейінгі балаларда қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.
Қолдану тәсілі мен енгізілу жолы
Препарат ішке қабылданады.Таблетканы тұтастай жұту және жеткілікті сұйықтық мөлшерімен ішу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған кезде дәрігерден немесе фармацевтен кеңес алу керек.
- препараттың белсенді затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- вирустық гепатит;
- қатерсіз гипербилирубинемия (соның ішінде Жильбер синдромы);
- қан аурулары;
- бауыр және бүйрек функцияларының айқын бұзылулары;
- гиперкальциемия;
- саркоидоз;
- жүктілік және лактация кезеңі;
- 6 жасқа дейінгі балаларға.
Өте сирек:
-бас айналуы, ұйқының бұзылуы;
- терінің аллергиялық реакциялары;
- бронхтүйілуі;
- ұзақ уақыт бойы қолданған кезде гепатоуытты және нефроуытты әсердің дамуы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК, http://www.ndda.kz.
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, тершеңдік, тері беткейлерінің бозаруы, тахикардия.Жеңіл уыттынуда – құлақтағы шуыл; ауыр уыттануда – ұйқышылдық, коллапс, құрысулар, бронх түйілуі, тыныс алудың қиындауы, анурия, қан кету. Уыттану күшейгенде тыныс алудың үдемелі салдануы және респираторлық ацидозды туындататынтотыққан фосфорланудың ыдырауыдамуы мүмкін.
Емі:асқазанды шаю, адсорбентті тағайындау (белсендендірілген көмір), симптоматикалық ем жүргізу.
Арнайы сақтандырулар
Бауыр және бүйрек функциясының бұзылулары бар, қатерсіз гипербилирубинемиясы бар пациенттерде, сондай-ақ, егде жастағы науқастарда парацетамолды сақтықпен қолданады.
Парацетамолды қолдану қандағы глюкозаны оксидаза-пероксидаза реакциясы әдісімен және қандағы несеп қышқылын фосфор-вольфрам қышқылы пайдаланылатын әдіспен анықтау нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін.
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның генетикалық тапшылығынан (фавизм) зардап шегіп жүрген пациенттерде, парацетамолды енгізгеннен кейін глутатион таралуының төмендеуі салдарынан гемолиздік анемия туындауы мүмкін.
Парацетамол Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, жедел жайылған экзантемалық пустулез сияқты терінің ауыр реакцияларын туғызуы, олар өлімге соқтыруы мүмкін. Бөртпе немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа реакциялары алғаш пайда болған жағдайда, препаратты қолдану тоқтатылуы тиіс.
Жылдам пролиферациялайтын және қарқынды метастазданатын ісіктері бар пациенттерге аскорбин қышқылын тағайындау үрдістің ағымын күшейуі мүмкін. Организмде темірдің құрамы жоғары пациенттерде аскорбин қышқылын ең аз дозада қабылдаған жөн.
Қант диабеті, гипероксалурия, талассемия, гемохроматоз, сидеробластты анемия кезінде аскорбин қышқылының жоғары дозасын (500 мг-дан астам) қабылдамаған жөн. Құрамындағы аскорбин қышқылына байланысты қан ұюы жоғары, полицитемия, лейкемия, тромбофлебит немесе тромбоздарға бейімділік, гипероксалурия, бүйрек-тас ауруы бар пациенттерде ерекше сақтықпен тағайындау керек. Гипергликемиямен қатар жүруі мүмкін жағдайларда аскорбин қышқылын тек қана дәрігердің ұсынымы бойынша және ең төмен дозада қабылдауға болады. Аскорбин қышқылының жоғары дозасын қабылдау бүйректе оксалат кальций тастарының қалыптасуымен байланысты, сондықтан аскорбин қышқылын гиперсалуриясы бар пациенттерде сақтықпен қабылдаған жөн. Себебі аскорбин қышқылын құрамында алюминий бар антацидтермен бір мезгілде ққолдану алюминийдің несеппен шығарылуын арттыруы мүмкін, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде оларды бірге қабылдау ұсынылмайды.
Дифенгидраминді емдеу үшін гипертиреозы, өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары, көзішілік қысымы жоғары, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы тұлғаларда сақтықпен қолданады. Препарат көздің құрғауын туындатуы және жанаспалы линзаларды таққан кезде жайсыздықты тудыруы мүмкін. Препаратпен емдеу кезінде алкогольдік ішімдіктерді тұтыну қарсы көрсетілген.
Препараттың көлік құралын немесеқауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Агриппин көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік
Агриппин препаратын жүкті әйелдерде тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы клиникалық деректердің болмауына байланысты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Бала емізу
Агриппинпрепаратын емізу кезеңіндегі әйелдерге қолдануға болмайды.
Фертильділік
Жүктілікті жоспарлау кезінде дәрілік препаратты қолдану бойынша қандай да бір ұсынымдар және емнің фертильділікке әсері жоқ.
Парацетамол урикозуриялық дәрілік заттардың тиімділігін төмендетеді. Хлорамфеникол концентрациясы жоғарылауының қаупін арттыруы мүмкін. Нейтропенияның даму қаупін арттырады, соған байланысты, гематологиялық көрсеткіштерді бақылау керек.
Пробенецид парацетамолдың клиренсін екі есе дерлік азайтады, бұл парацетамолдың дозасын төмендетуді қажет етеді. Парацетамолды 4 күннен астам уақыт бірнеше рет қабылдау бойы антикоагулянттық әсерін арттырады. Парацетамол (әсіресе, жоғары дозаларында және/немесе ұзақ уақыт бойы) кумарин туындыларын бір мезгілде қолдану кезінде және қолданғаннан кейін Халықаралық қалыптастырылған қатынасқа (ХҚҚ) мониторинг жүргізу керек. Парацетамолды жүйесіз қабылдау елеулі әсер бермейді. Пропантелин және асқазан ішіндегісінің шығарылуын баяулататын басқа препараттар парацетамолдың сіңірілу жылдамдығын төмендетеді, ол әсерінің басталуын кешеуілдетуі немесе азайтуы мүмкін.
Метоклопрамид пен домперидон парацетамолдың сіңірілу жылдамдығын арттырады және, сәйкесінше ауырғанды басатын және ыстықты түсіретін әсерінің басталуын да арттырады. Барбитураттарды ұзақ уақыт қолдану парацетамолдың тиімділігін төмендетеді. Парацетамолды және басқа ҚҚСП ұзақ уақыт бірге пайдалану "анальгетиктік" нефропатия мен бүйректің папиллярлық некрозы дамуының, бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысының басталуының қаупін арттырады. Жоғары дозалардағы парацетамол мен салицилаттарды бір мезгілде ұзақ уақыт тағайындау бүйрек немесе қуық обыры дамуының қаупін арттырады.
Дифлунисал парацетамолдың плазмадағы концентрациясын 50 %-ға арттырады - гепатоуыттылығының даму қаупі бар. Миелоуытты препараттар препараттың гематоуыттылығының көріністерін күшейтеді.
Аскорбин қышқылы қандағы бензилпенициллин мен тетрациклиндердің концентрациясын арттырады, ішекте темірдің (үш валентті темірді екі валентті темірге өзгертеді) сіңуін жақсартады, дефероксаминмен бір уақытта қолдану кезінде темірдің шығарылуын арттыруы мүмкін. Аскорбин қышқылын құрамында алюминий бар антацидтермен бір уақытта қолдану алюминийдің несеппен шығарылуын арттыруы мүмкін.
Аз уақыт әсер ететін салицилаттармен және сульфаниламидтермен емдеу кезінде С дәруменін бірге тағайындау қышқылдардың бүйрек арқылы шығарылуын бәсеңдетеді, сілтілік реакциясы бар дәрілік заттардың (оның ішінде алкалоидтардың) шығарылуын арттырады, кристаллурияның даму қаупін арттырады. Аскорбин қышқылы бір уақытта қолданған кезде қандағы пероральді контрацептивтердің, тікелей емес антикоагулянттардың концентрациясын төмендетеді, этанолдың жалпы клиренсін арттырады, изопреналиннің, В12 дәруменінің, нейролептиктердің – фенотиазин туындыларының (мысалы, флуфеназиннің) емдік әсерін азайтады, үш циклді антидепресанттардың өзекшелік реабсорбциясын төмендетеді. Барбитураттармен бір уақытта қабылдау аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын арттырады. Индометацин аскорбин қышқылының тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Кальций глюконаты: сіңірілмейтін кешендердің түзілу ықтималдығына байланысты кальций эстрамустиннің, этидронаттың және мүмкін басқа бисфосфонаттардың, фенитоиннің, хинолондардың, пероральді тетрациклиндік антибиотиктердің және препараттардың сіңірілуін азайтуы мүмкін кем дегенде 3 сағатты құрауы тиіс. Кальцийдің АІЖ сіңірілуі тамақтың кейбір түрлерін, мысалы, асжапырақты, рауғашты, кебекті және астықты бір уақытта қабылдау кезінде азаюы мүмкін. Кальцийдің жоғары дозасын оймақгүлдің препараттарын қабылдайтын науқастарға тағайындау кезінде аритмияның пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Тиазидтік диуретиктер кальцийдің несеппен шығарылуын азайтады. Сондықтан оларды бір мезгілде қолдану кезінде гиперкальциемияның даму қаупін ескерген жөн.
Кальций тетрациклиндік антибиотиктердің және фтор препараттарының оларды бір уақытта қабылдау кезінде сіңірілуін төмендетуі мүмкін. D дәруменін бір уақытта қолдану кальцийдің сіңірілуін арттырады.
Бір уақытта қолданған кезде димедрол этанолдың және ОЖЖ бәсеңдететін препараттардың, барбитураттардың, ұйықтататын дәрінің, апиын анальгетиктердің әсерін күшейтеді. Сондықтан бұл препараттарды бірге қолданған кезде күшейтілген әсерін болдырмау үшін дәрігермен кеңескен жөн.
МАО тежегіштері димедролдың антихолинергиялық белсенділігін күшейтеді.
Антагонистік өзара әрекеттесуі психостимуляторлармен бірге тағайындаған кезде байқалады.
Улануды емдеу кезінде құстыратын дәрі ретінде апоморфиннің тиімділігін төмендетеді.
Холиноблокаторлық белсенділігі бар препараттардың антихолинергиялық әсерін күшейтеді.
Дифенгидрамин наркозға арналған дәрілердің, ұйықтататын дәрілердің, тыныштандыратын дәрілердің, есірткі анальгетиктердің әсерін күшейтеді. Үш циклды антидепресанттармен қолданған кезде димедролдың холиноблокаторлық әсерін және орталық жүйке жүйені бәсеңдететін әсерін күшейтуі мүмкін. Моноаминооксидаза тежегіштері препараттың холинолитиялық әсерін күшейтеді және ұзартады.
Аналептиктермен бір мезгілде қолдану кезінде құрысудың даму қаупін арттыруы мүмкін. Этанолдың және ОЖЖ бәсеңдететін дәрілік заттардың әсерін күшейтеді.
Рутиннің фармакологиялық әсерін аскорбин қышқылы күшейтеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.