Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки
Дозировка
10 мг
Торговое наименование
Афобазол®
Действующее вещество
Фабомотизол
Назначение
Афобазол® ересектерде үрейлі жағдайларда қолданылады: жайылған үрейлі бұзылыстар, неврастения, бейімделудің бұзылысы, түрлі соматикалық аурулары бар науқастарда (бронх демікпесі…
Производитель
Открытое акционерное общество "Фармстандарт-Лексредства", (ОАО "Фармстандарт-Лексредства")
Страна
Россия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - 10.0 мг фабомотизол дигидрохлориді,
қосымша заттар: картоп крахмалы, микро-кристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, повидон орта молекулярлық (орта молекулярлық медициналық поливинилпирролидон, коллидон 25), магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек жалпақ цилиндр пішінді, ақ немесе крем реңді ақ түсті, ойығы бар таблеткалар.
Афобазол® ересектерде үрейлі жағдайларда қолданылады: жайылған үрейлі бұзылыстар, неврастения, бейімделудің бұзылысы, түрлі соматикалық аурулары бар науқастарда (бронх демікпесі, тітіркенген ішек синдромы, жүйелі қызыл жегі, жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, аритмия), дерматологиялық, онкологиялық және басқа ауруларда. Үрейге байланысты ұйқының бұзылуында, нейроциркуляторлық дистонияда, етеккір алды синдромында, алкогольді абстинентті синдромда, темегі шегуден бас тартқан кезде «тоқтату» синдромын жеңілдету кезінде емдеуде.
Әсер ету механизмі
Афобазол - селективті бензодиазепинді емес анксиолитик.
Мидың жүйке жасушаларында сигма-1-рецепторларына әсер ете отырып, Афобазол ГАМҚ/бензодиазепинді рецепторларды тұрақтандырады және тежеудің эндогендік медиаторларына сезімталдығын қалпына келтіреді. Афобазол сонымен қатар нейрондардың биоэнергетикалық потенциалын арттырады және нейропротекторлық әсерге ие: жүйке жасушаларын қалпына келтіреді және қорғайды.
Фармакодинамикалық әсерлері
Препарат әсері негізінен анксиолитикалық (үрейленуге қарсы) және жеңіл көтермелейтін (белсендіретін) әсерлердің бірігуі түрінде жүзеге асырылады. Афобазол үрей сезімін (алаңдаушылық, алдын ала жамандықты сезіну, қорқыныш, ашушаңдық), қобалжуды (қорқақтық, жылауықтық, мазасыздық сезімі, босаңси алмау, ұйқысыздық, үрей), депрессиялық көңіл-күй, үрейдің соматикалық белгілерін (бұлшықеттік, сенсорлық, жүрек-қантамыр, тыныс алу, асқазан-ішек симптомдары), вегетативті бұзылуларды (ауыздың құрғауы, тершеңдік, бас айналу), когнитивті бұзылыстарды (зейін қою кезіндегі қиындықтар, жады нашарлауы) азайтады немесе жояды, соның ішінде стресс бұзылыстарында (бейімделу бұзылыстары) пайда болады. Препаратты әсіресе үрейлік күдікшілдік, сенімсіздік, ренжігіштігі және эмоциялық құбылмалылығы жоғары, эмоциялық-стресстік реакцияларға бейім түріндегі жеке бастың астениялық ерекшелігі бар тұлғаларда қолдану көрсетілген.
Препараттың әсері емдеудің 5-7 күнінде дамиды. Ең жоғарғы әсеріне емдеудің 4 аптасының аяғына таман жетеді және емдеу аяқталғаннан кейін орташа есеппен 1-2 апта ішінде сақталады.
Афобазол бұлшықет әлсіздігін, ұйқышылдықты туындатпайды және зейін қоюға және жадыға теріс әсер етпейді. Оны қолданған кезде тәуелділік, дәріге тәуелділік қалыптаспайды және «тоқтату» синдромы дамымайды.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Жалпыланған үрейлі бұзылысы және бейімделу бұзылысы бар пациенттердің қатысуымен көп орталықты рандомизацияланған салыстырмалы клиникалық зерттеуде Афобазолдың үрейге қарсы әсерінің ауырлығы диазепамның әсеріне ұқсас екендігі көрсетілген, бұл ретте Афобазол жеңіл белсендіретін және вегетотұрақтандыратын әсерге ие және жүйелі жағымсыз әсерлер, оның ішінде препаратты қабылдауды тоқтатқан кезде тәуелділік, тәуелділік және «тоқтату» синдромын туғызбайды.
Балалар
Балалардағы препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін клиникалық зерттеу жүргізілмеген.
Дозалау режимі
Ішке қолданылады.
Тиімді бір реттік дозалар - 10 мг; тәуліктік дозалар - 30 мг. Қажет болған жағдайда, дәрігердің ұсынымы бойынша, препараттың тәуліктік дозасын 60 мг-ге дейін арттыруға болады.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Препарат тамақтан кейін күніне 3 рет қабылданады.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты курстық қолданудың ұзақтығы 2-4 аптаны құрайды.
Қажет болған жағдайда, дәрігердің ұсынымы бойынша емдеу ұзақтығын 3 айға дейін арттыруға болады.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- галактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы;
- жүктілік, лактация кезеңі;
- 18 жасқа дейінгі балалар.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Елеулі артық дозалану және уыттану кезінде седативті әсердің және микрорелаксация белгілерінсіз артқан ұйқышылдық тың дамуы мүмкін. Жедел көмек ретінде 1,0 мл ампуладағы кофеин бензоат натрийінің 20% ерітіндісі күніне 2-3 рет тері астына қолданылады.
Препаратты стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Аллергиялық реакциялар мүмкін.
Сирек - бас ауыруы, ол әдетте өздігінен кетеді және препаратты тоқтатуды қажет етпейді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жоқ.
Арнайы ескертулер
Галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерде препаратты қолдануға болмайды.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлікті басқаруға және жоғары зейінділікті және психомоторлық реакциялар жеделдігін талап ететін әлеуетті қауіпті қызмет түрлерін орындауға теріс әсер етпейді.
Афобазол® препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтату керек.
Афобазол® этанолмен өзара әрекеттеспейді және тиопенталдың гипноздық әсеріне ықпал етпейді. Карбамазепиннің құрысуға қарсы әсерін күшейтеді. Диазепамның анксиолитикалық әсерінің күшеюін туындатады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.