Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Крем
Дозировка
1,5%
Торговое наименование
АЭРТАЛ®
Действующее вещество
Ацеклофенак
Назначение
Тірек-қимыл аппаратының кез келген зақымданулары, соның ішінде спорттық жарақаттар салдарынан болатын жергілікті ауыру мен қабынудың барлық типтерін емдеуде
Производитель
Гедеон Рихтер
Страна
Венгрия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 г кремнің құрамында
белсенді зат - 15,0 мг микрондалған ацеклофенак,
қосымша заттар: пропилпарагидроксибензоат, метилпара-гидроксибензоат, сұйық парафин, эмульсиялық балауыз (EWA), тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті крем.
- тірек-қимыл аппаратының кез келген зақымданулары, соның ішінде спорттық жарақаттар салдарынан болатын жергілікті ауыру мен қабынудың барлық типтерін емдеуде
- созылып кету, артық күш түсу немесе соғылу жағдайында сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың қабынуын азайту үшін, сондай-ақ люмбаго, қисық мойын және периартритті емдеу үшін
Әсер ету механизмі
Ацеклофенак-бұл қабынуға қарсы стероидты емес препарат, сонымен қатар ауыруды басатын және ыстық түсіретін әсері бар. Эксперименттік модельдерде қабынудың сипатына қарамастан ол ісіну мен гиперемияның дамуын тежейді. Бұл препараттың жануарларға да, адамдарға да әсер ету механизмдерін зерттеу ацеклофенактың циклооксигеназаның қайтымды тежелуі арқылы простагландиндер мен лейкотриендердің секрециясын тежейтінін көрсетті.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Аэртал кремінің теріге жағымдылығын (тітіркенуін) төрт күндік зерттеуде плацебо кремімен және екі рет дистилденген сумен салыстырмалы талдау кезінде басқа зерттелетін заттармен салыстырғанда кремнің айқындығы төмен тітіркендіргіш әсері анықталды.
Он екі еріктідегі тағы бір зерттеуде Аэртал кремін қолданар алдында және одан кейін ультракүлгін сәулеленудің әсерінен гиперемия болған аймағының мөлшері бағаланды. Кремді қолданғаннан кейін, 7 сағаттан соң гиперемия аймағының мөлшері ацеклофенакпен өңделген жерлерде плацебо және бақылау учаскелерімен (өңделмеген) салыстырғанда аз болатындығы анықталды.
Аэртал кремінің тірек-қимыл жүйесінің жарақаттарын емдеу үшін жергілікті қолданған кезде қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсері бар екендігі дәлелденді.
Салыстырмалы клиникалық зерттеулерде ацеклофенактың тиімділігі, кем дегенде, жергілікті қолдануға арналған басқа препараттардың тиімділігімен салыстырылатыны расталды.
Бұл клиникалық тиімділік қанағаттанарлық жергілікті және жүйелі төзімділікпен үйлеседі.
Сондықтан Аэртал кремі тірек-қимыл жүйесінің жарақаттары немесе қабыну аурулары үшін тиімді препарат болып табылады.
Дозалау режимі
АЭРТАЛ кремін зақымданған бөлікке жеңіл уқалау қимылдарымен күніне үш рет жаққан жөн. Қолданылатын доза зақымданған жердің өлшеміне байланысты: 1,5-2 г АЭРТАЛ кремі шамамен кремнің ұзындығы 5-7 см жолағына сәйкес келеді.
Енгізу әдісі және жолы
АЭРТАЛ кремі сыртқа қолдануға ғана арналған. Оны қысып тұратын таңғыштар байлағанда қолдануға болмайды.
Кремді жаққаннан кейін, қол препаратты жағу орны болып табылатын жағдайларды қоспағанда, қолды жуу қажет. Препарат көзге немесе ауыз қуысына тимеуі керек. АЭРТАЛ кремі тек зақымдалмаған теріге ғана жағылуы керек.
Емдеу ұзақтығы
Дәрігер нұсқауынсыз АЭРТАЛ кремін буындар мен бұлшықеттер жарақаттарын (созылып кету, артық күш түсу, соғылу), сондай-ақ сіңірлердің қабынуын емдеу үшін 2 аптадан артық уақыт бойы қолдануға болмайды.
Буын қабынғанда препаратты дәрігермен кеңеспей 3 аптадан ұзақ қолдануға болмайды.
Емдеудің 7 күнінен кейін ауыру және қабыну белгілері күшейсе немесе жақсару болмаса дәрігерге міндетті түрде қаралу керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Пациенттер, егер әдеттегі уақытта кремді қолдануды ұмытып кетсе, олар еске түсіргеннен кейін кремді мүмкіндігінше тезірек қолдану керек екендігі туралы хабардар болуы тиіс. Содан кейін әдеттегі уақытта келесі дозаны қолдану керек, бірақ кремнің екі дозасын қолдануға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
- препарат компоненттеріне (ацеклофенак) немесе қандай да бір қосымша заттарға жоғары сезімталдық
- анамнезінде басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер. Диклофенакпен айқаспалы аса жоғары сезімталдықтың болуы мүмкін екені расталмауына қарамастан, осы препарат анамнезінде диклофенакқа аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге ұсынылмаған
- ацетилсалицил қышқылы немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттар демікпе ұстамаларын, уртикарлы бөртпе немесе жедел ринит туындататын пациенттер
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Жиі емес
- фотосезімталдық реакциялары
- гиперемия
- терінің қышынуы
Сирек
- терінің тітіркенуі
Өте сирек
- буллезді реакциялар (оның ішінде, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: ацеклофенакпен артық дозаланудың әдетті сипаттағы көрінісі белгісіз.
Емі: препаратпен кездейсоқ артық дозаланған немесе байқаусызда жұтып қойған жағдайда симптоматикалық емдеу.
АЭРТАЛ кремінің құрамында аллергиялық реакцияларды (оның ішінде кешеуілдеген) туындатуы мүмкін 0,20 мг метилпарагидроксибензоат (E218) және 0,05 мг пропилпарагидроксибензоат (E216) бар.
АЭРТАЛ кремінің құрамында эмульсиялық балауыз компоненті ретінде жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) тудыруы мүмкін цетостеарил спирті бар.
Арнайы сақтандырулар
• Егер АЭРТАЛ кремін қабылдаған кезде жергілікті тітіркену симптомдары байқалса, онда препаратты қолдануды тоқтатып, тиісті емдеуді бастау керек.
• Кремді жаққаннан кейін, қол кремді жағу аймағы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, қолды мұқият жуу қажет. Кремді көз бен ауыз аумағына жағуға болмайды.
• АЭРТАЛ кремін ашық жараларды, шырышты қабықтарды, сондай-ақ терінің тітіркенуін (экзема) емдеу үшін қолдануға болмайды. Кремді зақымдалмаған теріге ғана жағу керек.
• Фотосезімталдық реакцияларының алдын алу үшін арнайы қорғаныс құралдарын қолданбай, крем жағылатын учаскеге күн сәулесін түсірмеу қажет.
• Аса жоғары сезімталдық және тері реакциялары: басқа ҚҚСД сияқты, осы дәрілік препарат қолданудың басында аллергиялық реакцияларды, оның ішінде анафилаксиялық/анафилактоидтық реакцияларды тудыруы мүмкін. Ауыр тері реакцияларының, оның ішінде өліммен аяқталғандарының туындауы туралы сирек хабарламалар бар, олардың ішінде эксфолиативтік дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және ҚҚСП қолданумен байланысты уытты эпидермалдық некролиз бар. Пациенттер емдеу курсының басында осындай реакциялардың жоғары қаупіне бейім, көптеген жағдайларда тері реакциялары емдеудің бірінші айы ішінде пайда болады. Егер тері бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдануы немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа көріністері пайда болса, ацеклофенакпен емдеуді тоқтату керек.
Сирек жағдайларда Varicella Zoster вирусы тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы түрінде ауыр асқынулар тудыруы мүмкін. Қазіргі уақытта ҚҚСП осы инфекциялар ағымына теріс әсерін толығымен жоққа шығаруға болмайды. Осыған байланысты, Varicella Zoster вирусы тудырған инфекция кезінде ацеклофенакты қолдану ұсынылмайды.
Педиатрияда қолдану
Балаларда ацеклофенакты қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан АЭРТАЛ кремін балаларда қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
АЭРТАЛ кремі көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсерін тигізбейді.
Препаратты жүктілік кезінде пайдалану қауіпсіздігі бойынша клиникалық деректер адамдарда жоқ; осыған байланысты АЭРТАЛ кремін жүктілік кезінде қолдануға тыйым салынады.
Емшекпен емізу
Препаратты емізетін аналарға қолдану қауіпсіздігі анықталған жоқ, сондықтан емшек емізу кезінде АЭРТАЛ кремін қолдану ұсынылмайды.
Қазіргі уақытта препараттың басқа дәрілермен өзара әрекеттесу мүмкіндігі жөнінде деректер алынбауына қарамастан, пациент қандай да бір басқа, әсіресе құрамында литий, дигоксин бар препараттарды бір мезгілде қолданған жағдайда, ішуге арналған контрацептивтер, диуретиктер, антикоагулянттар немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттар қабылдағанда сақтану шараларын қадағалау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.