Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капсулы
Дозировка
100 МЕ
Торговое наименование
-Токоферол ацетаты (Е дәрумені)
Действующее вещество
Токоферол
Назначение
Ерлердегі сперматогенез бұзылуында
Производитель
Минскинтеркапс УП
Страна
Беларусь
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат– -токоферилацетат (Е дәрумені), 100 мг (100 ХБ),
қосымша заттар: күнбағыс майы,
желатинді капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин, тазартылған су, натрий бензоаты Е-211.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Пішіні шар тәрізді, ашық-сары түсті жұмсақ желатинді капсулалар.
Капсулалардың ішіндегісі - ашық-сары түсті майлы сұйықтық. Ашыған, қышқыл иістің болуына жол берілмейді.
Е дәрумені 18 жастан асқан ересектерде қолдану үшін көрсетілген:
- ерлердегі сперматогенез бұзылуында
- жүктіліктің үзілу қаупінде, әйелдерде шарананың құрсақішілік даму
жағдайы нашарлағанда
- бұлшықет дистрофиясында, амиотрофиялық бүйірлік склерозда.
Әсер ету механизмі
Е дәрумені антиоксидантты дәрі болып табылады, тіндік метаболизм үдерісіне қатысады, эритроциттердің гемолизіне, капиллярлар өткізгіштігі мен жарылғыштығының жоғарылауына, ұрықтық өзекшелер мен аталық без, плацента функцияларының бұзылуына жол бермейді, ұрпақ өрбіту функциясын қалыпқа келтіреді.
Препарат атеросклероздың, жүрек бұлшықетінде және қаңқа бұлшықетінде дегенеративті-дистрофиялық өзгерулердің дамуына кедергі жасайды, миокардтың нәрленуін және жиырылу қабілетін жақсартады, миокардтың оттегін тұтынуын төмендетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Е дәрумені бос радикалды реакцияларды тежейді, жасушалық және субжасушалық жарғақшаларды зақымдайтын пероксидтердің пайда болуына жол бермейді. Гем мен құрамында гем бар ферменттердің – гемоглобиннің, миоглобиннің, цитохромдардың, каталазаның, пероксидазаның синтезін стимуляциялайды.
Тіндік тыныс алуды жақсартады, ақуыздардың (коллагеннің, қаңқа және тегіс бұлшықеттерінің ферменттік, құрылымдық және жиырылу ақуыздарының, миокардтың) синтезін стимуляциялайды, А дәруменін тотығудан қорғайды, холестерин синтезін тежейді.
Организмде Е дәрумені (Е авитаминозы) жоқ болған кезде жүректің қаңқа бұлшықеттерінде дегенеративті өзгерулер дамиды, капиллярлардың өткізгіштігі мен жарылғыштығы жоғарылайды, ұрық безі өзекшелері, аталық без эпителийлері қайта түзіледі. Эмбрионда қан құйылу пайда болады, олардың жатырішілік өлуі басталады. Сондай-ақ жүйке жасушаларында дегенеративті өзгерулер және бауыр паренхимасының зақымдануы анықталды.
Е дәрумені жеткіліксіз болған кезде қан сарысуында ақуыздар концентрациясы деңгейінің және бауыр мен ұрық бездерінде нуклеин қышқылы мөлшерінің төмендегені байқалады. Адамда Е дәруменінің жеткіліксіз болуы тамақтану ерекшеліктерімен байланысты (мысалы, тамақта өсімдік майының жоқ болуынан) немесе әртүрлі, мысалы, бауырдың, ұйқы безі және басқа аурулардың салдарынан жүзеге асуы мүмкін.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Өзіндік зерттеулер жүргізілмеген, деректер жоқ.
Балалар
100 мг (100 ХБ) дозадағы препаратты балалар мен 18 жастан кіші жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Дозалау режимі
Сперматогенез бұзылуы кезінде ерлерге бір ай бойы тәулігіне 100-300 мг-ден Е дәруменін (гормондық еммен біріктіріп) тағайындайды; шарананың жатырішілік даму жағдайы нашарлаған кезде - жүктіліктің алғашқы 2-3 айы бойы 100 мг-ден күн сайын немесе күнара. Бұлшықет дистрофиясында, амиотрофиялық бүйірлік склерозда Е дәруменін 1-2 ай бойы тәулігіне 100 мг-ден қолданады; қайталанатын курстарды 2-3 айдан соң тағайындайды; шеткері қантамырлар ауруларында – 20-40 күн бойы тәулігіне 100 мг-ден (А дәруменімен үйлестіріп), 3-6 айдан кейін емдеу курсын қайталауға болады.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдау арналған.
Емдеу ұзақтығы
Е гиповитаминозын емдеу ұзақтығы әркімде әрқалай және ауырлық жағдайына байланысты.
Басқа полидәрумендік препараттармен бірге ұзақ уақыт бойы тағайындау ұсынылмайды, бұл жағдайда майда еритін Е дәруменінің артық дозалануы мүмкін.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
α-Токоферол ацетаты (Е дәрумені) препаратын қабылдауды өткізіп алмаған жөн. Бір дозасын өткізіп алған кезде келесі дозаны әдеттегі схема бойынша қабылдау керек. Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы кейбір қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігеріңізге жүгініңіз.
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- кардиосклероз
- миокард инфарктісі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге.
- эпигастрий тұсының ауыруы, жүрек айнуы, диарея
- аллергиялық реакциялар
- бас ауыруы, қажығыштық, әлсіздік
- тромбофлебиттер, тромбоз, өкпе артериясының тромбозы
- креатинурия, креатинкиназа белсенділігінің жоғарылауы, холестерин деңгейінің жоғарылауы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: ұзақ уақыт бойы тәулігіне 400-800 ХБ дозада қабылдаған кезде – көз көруінің бұлдырауы, бас айналу, бас ауыру, жүректің айнуы, диарея, гастралгия, астения; ұзақ уақыт бойы тәулігіне 800 ХБ астамын қабылдаған кезде – К гиповитаминозына шалдыққан науқастарда қан кету қаупінің артуы, тиреоидты гормондар метаболизмінің бұзылуы, сексуалдық функцияның бұзылуы, тромбофлебит, тромбоэмболия, некроздық колит, сепсис, гепатомегалия, гипербилирубинемия, бүйрек жеткіліксіздігі, көздің торлы қабығына қан құйылу, геморрагиялық инсульт, асцит, гемолиз
Емі: препаратты тоқтату; бауырда Е дәруменінің метаболизмін жеделдететін глюкокортикоидтарды тағайындайды; геморрагия қаупін азайту үшін Викасол тағайындайды.
Тромбоэмболияның даму қаупі жоғарылаған кезде сақтықпен қолданған жөн.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Препарат бір капсулада токоферол ацетатының жоғары дозасына байланысты педиатриялық тәжірибеде қолданылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Е дәруменін жүктілік кезінде көрсетілім бойынша қолданады. Е дәрумені плацента арқылы жеткіліксіз мөлшерде өтеді: шарана қанына анасының қанындағы концентрациясының 20-30 %-ы өтеді.
Препаратты лактация кезеңінде тек дәрігердің бақылауымен және ұсынымымен қолданады.
Эпилепсиямен науқастарда, яғни қанында липидтердің асқын тотығу өнімдерінің мөлшері жоғарылағандарда құрысуға қарсы дәрілердің тиімділігін арттырады.
Стероидты және ҚҚСД, жүрек гликозидтерінің әсерлерін күшейтеді, соңғысының, сондай-ақ А және D дәрумендерінің уыттылығын азайтады. Е дәруменін жоғары дозада тағайындау организмде А дәруменінің тапшылығын туындатуы мүмкін.
Е дәруменін тәулігіне 400 ХБ астам дозада антикоагулянттармен бір уақытта қолданғанда (кумарин және индандион туындылары) гипопротромбинемия және қан кету қатерін жоғарылатады.
Колестирамин, колестипол, минералды майлар Е дәруменінің сіңуін төмендетеді.
Темірдің жоғары дозалары организмде тотығу үдерісін күшейтеді, бұл Е дәруменіне деген қажеттілікті арттырады.
Е дәруменін циклоспоринмен бір уақытта қолданғанда соңғысының сіңуі жоғарылайды.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.